Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен кей азаматтар депозиттер бойынша аз өтемақы алды

Опубликовано:

Теңге мен доллар
Теңге мен доллар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Депозиттер бойынша өтемақы әр қазақстандыққа әрқалай төленді. Осы орайда кей салымшылар не себепті жүз теңге ғана алғанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Шамамен бір жыл бұрын Қазақстанда Теңгемен жиналатын депозиттерді қорғау бағдарламасы іске қосылды. Оған сәйкес, 2022 жылдың 24 ақпанына дейін ұлттық валютамен сақталған депозиттер үшін мемлекеттік бюджеттен бір жыл ішінде жалпы жинақталған соманың 10% көлемінде өтемақы төленуге тиіс.

Яғни 2022 жылдың 23 ақпанында депозитте 200 мың теңге сақталса, онда өтемақы 20 мың теңге болуы керек еді, бірақ бұл ақшаны 2023 жылдың 24 ақпанына дейін депозиттен алуға болмайды.

Егер Қазақстан азаматы депозитте жатқан қаражатын пайдаланған болса, онда тек қалған соманың 10 пайыз өтемақысы төленуге тиіс. Тіпті үстіне тағы ақша салып, салымды толтырғанның өзінде, ақша шешкеннен кейін әу баста-ақ салымда қалған соманың үстіне ғана 10% өтемақы төленеді. Демек жоғарыда айтылған мерзім аяқталғанға дейін тиісті өтемақыңызды алу үшін салымыңыздағы қаражатты тиіспеуіңіз керек.

Жиырма мың теңгеліктерді қолға ұстап тұрған адам
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Неліктен кейбір салымшылар 100 теңге ғана алды

Бағдарлама аяқталғаннан кейін көп ұзамай салымшыларға уәде етілген өтемақысы төлене бастады.

Бұған дейін 2,6 миллион салымшының жартысы 10 мың теңге ғана өтемақы ала алатыны белгілі болған еді.

Бірақ әлеуметтік желілерде кейбір қазақстандықтар оларға 100 теңге ғана түскенін белсенді түрде талқылап, сұрақтар жаудырды. Яғни олардың бір жыл ішінде депозитінде сақталған ең төменгі сомасы мың теңгеге тең болып отыр. Бұл салымшылардың өтемақы төленгенге дейін өз депозитінен ақша алып үлгергенін, осылайша депозитінде тек ең төменгі сома, нақтырақ айтқанда 1000 теңге ғана қалғанын аңдатады.

Бір сөзбен айтқанда қазақстандықтар депозиттерінде бір жыл бойы сақталған сомасы үшін өтемақыларын алды. Ал депозитінде ең төменгі соманы ғана қалдырған салымшыларға жүз теңге берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013596-nelikten-kei-azamattar-depozitter-boiynsa-az-otemaqy-aldy/