Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке алдында доллар екі теңгеге қымбаттады

Жарияланған күні:

АҚШ доллары
АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 20 наурызда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 1 АҚШ доллары 462,36 теңгені құрап отыр. Бұған дейінгі яғни 17 наурыздағы сауданың қорытындысымен салыстырғанда америкалық валюта 2,15 теңгеге қымбаттаған.

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 461-462,5 теңге, сату – 466,5-469 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 457,5-463 теңге, сату – 464-469 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 461-462,5 теңге, сату – 466,5-469 теңге.

Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 454-461 теңге, сату – 462,5-468 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 460-461 теңге, сату – 465-466 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 463-464,5 теңге, сату – 465,9-467,5 теңге аралығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013651-mereke-aldynda-dollar-eki-tengege-qymbattady/