Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қарызын 90 күннен бері өтемегендерге енді несие берілмеуі мүмкін

Опубликовано:

Теңге
Теңге. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Банктегі қарызды өтеу күні 90 күннен асып кеткен қазақстандықтарға жаңа несие мен микрокредиттер рәсімдеуге шектеу қойылуы мүмкін. Тиісті құжат "Ашық" НҚА үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осындай қадам арқылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың борыштық жүктемесінің өсу тәуекелдерін азайтуды ұсынған.

Бір ескеретіні, бұл тыйым борышты қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда қолданылмайды.

"90 күнтізбелік күннен астам банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады", – делінген заң жобасында.

Бұл ретте қазақстандықтарға міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілімен ломбард арқылы берілетін микрокредит алу құқығы сақталады.

Бұдан басқа, заң жобасында төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты берешекті реттеу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, сотқа дейінгі реттеу рәсімін орындау кезінде және мерзімі өткен, яғни борышы 18 айдан асқанда банктердің және МҚҰ кредиттерін коллекторларға сату мүмкіндігі көзделеді.

Сонымен қатар банк пен клиент келісімге келе алмаған жағдайда банктер мен МҚҰ клиентке несие бойынша шартты өзгертуден бас тарта алмайды. Оның орнына агенттік проблемалық өндіріп алу несиесін коллекторлық агенттіктерге беруді ұсынады.

Заң жобасын талқылау 2023 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013932-qazaqstanda-bank-aldynda-beresegi-barlarga-nesie-berilmeui-mumkin/

pixel