Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 теңгеге арзандады: Қор биржасында доллар бағамының төмендеуі жалғасуда

Опубликовано:

валюталар
Валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап.

KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, елімізде доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңгені құрап отыр.

Айта кетейік, 28 наурыздағы сессияның қорытындысы бойынша 1 доллар - 455 теңге болған еді.

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 443,5-446 теңге, сату – 450-452 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 443,5-446,5 теңге, сату – 450-452 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 443,5-446 теңге, сату – 450-452 теңге.

Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 445-447 теңге, сату – 448,8-451 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 445-447 теңге, сату – 451-451,5 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 447-448 теңге, сату – 448,7-450 теңге аралығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014581-qor-birzasynda-dollar-bagamy-6-tengege-tomendedi/

pixel