Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік салығын төлемеген қазақстандықтар қандай жауапкершілікке тартылады

Опубликовано:

Ақша және ноутбук
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 1 сәуір демалыс күніне сәйкес болған соң, 3 сәуірде аяқталады. Салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға қандай шара қолданылатынын Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады.

Көлігі бар қазақстандықтар 4 сәуірге дейін салық төлеуі керек. Көлік салығын мобильді банкинг арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің "e-Salyk Azamat" мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Ведомство мәліметінше, 4 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

"Төленбеген бір айлық есептік көрсеткіш (3 450 теңге) мөлшерінен артық салық берешектері бойынша салық берешегі туралы хабарлама түскен күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң салық органы салық бұйрығын шығарады.

Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі" - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар жеке сот орындаушылары шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, қарыз сомасынан бөлек қосымша жеке тұлғалардан салық қарызы сомасының 25 пайызына дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014867-kolik-salygyn-tolemegen-qazaqstandyqtar-qandai-zauapkersilikke-tartylady/

pixel