Наурыздың соңғы күнінде Қазақстанда доллар қайта қымбаттады
Жарияланған күні:
Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап.
KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, елімізде доллардың орташа сараланған бағамы 3,44 теңгеге көтеріліп, 451,71 теңге болды.
NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Астанада: сатып алу – 446,5-452 теңге, сату – 454,5-456 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 446,5-452 теңге, сату – 454,5-457,5 теңге;
- Шымкентте: сатып алу – 446,5-452,5 теңге, сату – 454,5-459,5 теңге.
Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Астанада: сатып алу – 447-451 теңге, сату – 453-456 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 449-451 теңге, сату – 454-460 теңге;
- Шымкентте: сатып алу – 451-454 теңге, сату – 456-460 теңге аралығында.
Айта кетейік, осы аптада АҚШ валютасының күрт төмендеуі байқалды. Мәселен, сейсенбі күні 3,5 теңгеге арзандаса, сәрсенбі 29 наурызда бірден 6 теңгеге арзандады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014920-qazaqstanda-dollardyn-tengege-saqqandagy-bagamy-osti/