Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы вице-министрі өзін банкрот деп жариялаған адамдардың 5 жыл бойы несие ала алмайтынын айтты

Опубликовано:

Банкрот деп танылды
Банкроттық. Фото: pexels.com

Өзін банкрот деп жариялап, банкрот мәртебесін алған азаматтар бес жыл бойы несие ала алмайды. Бұл ақпаратты қаржы вице-министрі Ержан Біржанов растады, хабарлайды ҚазАқпарат.

"Назарға сала кетсек, сотсыз банкрот деп танылған азаматтар сол күннен бастап бес жыл ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды", – деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәліметінше, сотсыз банкрот деп танылмаған азаматтар араға 3 ай салып қайта өтініш бере алады.

"Азаматтардың жеке мәліметтері бойынша деректер базасына құзырлы мемлекеттік орган жауапты екенін еске салғым келеді. Жоғарғы соттың мәліметінее сәйкес, бүгінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттықты сот арқылы рәсімдеу туралы 139 тұлға өтініш білдіріп, арыз берген", - деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов

Еске сла кетейік, 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014988-qarzy-vice-ministri-ozin-bankrot-dep-zariyalagan-adamdardyn-5-zyl-boiy-nesie-ala-almaitynyn-aitty/

pixel