Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағы бар кей қазақстандық зейнеткерлер неге БЖЗҚ-дан төлем алмайды

Жарияланған күні:

Зейнеткердің ақша салынған әмияны
Ақша салынған әмиян. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ресми түрде жұмыс істеген Қазақстан азаматы зейнетке шыққаннан кейін БЖЗҚ-дан төлемдер алуға құқылы. Десе де БЖЗҚ-дан төлемдерін алмай жүрген азаматтар баршылық. Бұған не себеп болуы мүмкін екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан азаматы ресми түрде жұмыс істеген кезде жұмыс беруші жұмыскер үшін барлық салық пен аударымды, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.

Бұл қаражат азаматтың жеке зейнетақы шотында жинақталады. Олардың есебінен салымшы зейнетақы жасына жеткеннен кейін мемлекеттік зейнетақыдан бөлек, БЖЗҚ-дан жасына байланысты төлемдерді де алады.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы қорынан берілетін орташа төлем 32 065 теңгені құрады.

Десе де қазақстандықтардың басым бөлігі жинақтары бола тұра, өзіне тиесілі төлемдерін алмай, тек мемлекеттік зейнетақыны қанағат тұтып отыр.

Неліктен зейнеткерлер БЖЗҚ-дан төлем алмай жүр

2018 жылға дейін қазақстандық зейнеткерлер мемлекеттік зейнетақы мен жинақ қаражатынан төлемдер ала бастау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) және БЖЗҚ орталығына бөлек жүгінуге тиіс болатын. Осылайша көптеген азамат тек мемлекеттік зейнетақысын рәсімдеген.

Қазір ондай қиындықтар жоқ, сондықтан Қазақстан азаматы зейнетақының екі түрін де ала бастау үшін енді тек халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Бірақ 2018 жылға дейін зейнеткерлікке шыққандардың басым бөлігі әлі күнге дейін БЖЗҚ-дан тиісті төлемдерін алмай жүр, дегенмен жағдай біртіндеп өзгеруде.

БЖЗҚ-ның мәліметінше, қазір олар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы жинақтары бар, бірақ БЖЗҚ-ға тиісті төлемдерін алу үшін өтініш бермеген азаматтарды анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Осылайша 2022 жылы проактивті түрде, яғни зейнеткерлердің жеке қатысуынсыз шамамен 7 мың қазақстандыққа – 4,5 мың әйел мен 2,5 мың ер адамға төлемдер рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Осы уақытқа дейін 24 мың адамға проактивті қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар Қазақстанда әлі де зейнетақы жинақтары бар, бірақ қордан тиісті төлемдерін алмаған азаматтар бар, сондықтан БЖЗҚ оларға зейнетақысын уақытылы рәсімдеуге кеңес берді.

Яғни зейнеткерлікке шыққан қазақстандық жинақтарының бар-жоғын тексеруі керек. Егер бар болса, "зейнетақы рәсімдеуге болады" деген SMS хабарлама күтпей, төлемдерді рәсімдеу үшін бірден ХҚКО-ға жүгінген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015122-nege-zeinetaqy-zinagy-bar-kei-qazaqstandyq-zeinetkerler-bzzq-dan-tolem-almaidy/