Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шекара маңындағы ауыл халқының табысын арттыру үшін "Ауыл аманаты" жобасы іске қосылмақ

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Тоқаевтың 2023 жылғы 29 наурызда парламент сессиясы ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары бойынша үкімет отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Отырыста ұлттық экономика министрлігі мынадай жоспарларын бөлісті.

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірленеді.
  • Салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған жұмыс шеңберінде саланың басымдығы мен рентабельділігіне қарай қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы ставкаларын саралау мәселесі пысықталады.
  • "Тарифті инвестицияларға айырбастау" қағидатына сәйкес, тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын (20 пайызға дейін) төмендету жұмысы басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
  • Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды.
  • Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасында шекара маңындағы аумақтарды дамытуға айрықша көңіл бөлінді.
  • Шекара маңындағы өңірлерді қоса алғанда, бүкіл ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған құралдардың бірі "Ауыл аманаты" жобасын іске асыру болады.

"Ол үшін әрбір ауылдық округтің мамандығын айқындай отырып, скрининг жүргізу, жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техника мен жабдықтың лизингін қамтамасыз ету шаралары іске асырылады",- деді ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015311-sekara-manyndagy-auyl-xalqynyn-tabysyn-arttyru-usin-auyl-amanaty-zobasy-iske-qosylmaq/

pixel