Қазақстанда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары бойынша өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігінің жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғинияттың сөзінше, ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
"Ұлттық жоба шеңберінде: 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді", - деді Ажар Ғиният.
Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен қатар медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда:
- 2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу;
- 2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70 пайызға ұлғайту басталды;
- медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20 пайызға ұлғайту;
- дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға арттыру.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015318-qazaqstanda-darigerler-men-medicina-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-artady/