Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедектігі бар қазақстандықтарға қандай төлемдер қарастырылған

Опубликовано:

Мүгедектігі бар адамның далада серуендеп жүрген сәті
Мүгедектігі бар адамның далада серуендеп жүрген сәті. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттен қандай қаржылық көмек алуға құқылы екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде ерекше қажеттілігі бар 711,8 мың адам тұрады. Оның ішінде 420 мыңға жуығы еңбек жасында, 187,5 мыңы зейнет жасында, ал 104,3 мыңы 18 жасқа дейінгі жас азамат және барлығы да мемлекеттен көмек алуға құқылы.

Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесіне не кіреді?

Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі көпсатылы. Оған түрлі әлеуметтік жәрдемақы мен төлемдер, әлеуметтік оңалту аясында дененің жоғалған функциясын өтеу мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету кіреді.

Бірінші саты — негізгі деп аталады. Оған бюджет есебінен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы түрі жатады. Жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне, мүгедектік тобына және мүгедектік себебіне байланысты көп не аз берілуі мүмкін.

Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері орташа есеппен 58 656 теңгені құрайды және 532,3 мың адамға берілген. Жыл басынан бері оларға 62 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді.

Екінші саты "міндетті" деп саналады. Ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленеді. Бұл жәрдемақы түрі жұмыс істеген азаматтарға беріледі және жұмыс берушілерінің жасаған аударымдары есебінен төленеді.

Мұндай әлеуметтік төлемнің мөлшері қызметкердің табысына, мүгедектік дәрежесіне және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін төлемдердің ұзақтығына байланысты. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша оның орташа мөлшері 33 211 теңгені құрады және оны 86,5 мың адам алған болатын.

Мүгедектігі бар адамның далада отырған сәті
Мүгедектігі бар адамның далада отырған сәті. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік төлемдер қанша пайызға көтерілді?

Еске салсақ, жақында Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді бірден 14,5 пайызға өсіру мәселесі көтерілген еді.

Баспасөздің хабарлауынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамға, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтіп-бағумен айналысатын азаматқа төленетін төлемдер де 14,5 пайызға ұлғайтылады.

Әлеуметтік қорғаудың үшінші сатысына сақтандыру ұйымынан келіп түсетін төлемдер кіреді.

Қазақстан азаматы еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылған болса, онда ол еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнында жарақат алған кезде немесе кәсіби ауруларға шалдыққан жағдайда сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.

Мүгедектігі бар адамның далада серуендеп жүрген сәті
Мүгедектігі бар адамның далада серуендеп жүрген сәті. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мүгедектігі бар азамат ақшадан бөлек тағы не алуға құқылы?

Айта кетейік, мүгедектігі бар азаматтарға тек қаржылық көмек беріліп қоймай, жеке оңалту бағдарламалары да қарастырылған.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мемлекеттік бюджет есебінен протез, мүгедектер арбасын, гигиеналық құралдарды, жеке көмекші қызметін алуға және т.б. өтініш беруге құқылы. Оған қоса жыл сайын Санаторлық-курорттық емдеу тағайындалады.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі басқа да салаларды қамтиды және әр түрлі оңалту орталықтарын, көмек көрсету бағдарламаларын, сондай-ақ сан алуан әлеуметтік жобаны қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015518-mugedektigi-bar-qazaqstandyqtarga-qandai-tolemder-qarastyrylgan/

pixel