Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін

Опубликовано:

Жалақыны беру сәті
Жалақы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің бекітілген жалақысын өсіру жоспарланып отыр. KAZNUR.KZ тілшісі жалақының қалай өсетінін және қай медицина саласының қызметкерлеріне қатысты екенін анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігі "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" үкімет қаулысына түзетулер енгізу жобасын дайындаған болатын.

Қаулы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысы белгіленген. Жоба авторлары медицина қызметкерлерінің бекітілген еңбекақысының мөлшерлемесін қайта қарауды ұсынып отыр.

Қазір жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған және талқылауы биыл 19 сәуірге дейін жалғасады.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес, медицина және фармацевтика саласындағы біліктілігі жоғары мамандардың лауазымдық жалақыларының коэффициентіне түзету енгізіп, 2,73-тен 3,42-ге дейін арттыру жоспарлануда.

Заң жобасында көрсетілгендей, бұл өсім А блогының басқарушы құрамына және В1 мен В2 блоктарының негізгі қызметкерлеріне, яғни менеджерлерге, профессорларға, доценттерге, аға және кіші ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ барлық саладағы дәрігерлерге қатысты болмақ.

В3 және В4 блоктарының негізгі персоналы болып табылатын жоғары және орта біліктілік деңгейдегі мамандар үшін де бекітілген жалақы коэффициентін 2,05-тен 2,34-ке дейін арттыру көзделген. Бұл топқа медбике, мейіргер, фармацевт, фельдшер, акушер, лаборант, стоматолог және т.б. көптеген мамандық иесі кіреді.

Жоба авторларының айтуынша, бұл өсім медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейін экономикадағы орташа жалақы деңгейінен екі есеге арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2015700-qazaqstanda-medicina-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-koterilui-mumkin/

pixel