Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурызда қазақстандықтар қанша жалақы алғаны белгілі болды

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан азаматтарының 2023 жылдың наурызындағы орташа айлық жалақысы қанша болғаны анықталды. Қай қызмет саласында ең жоғары жалақы тіркелгені туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Осы жылдың ақпан айында Қазақстанда орташа жалақы 347 662 теңгеге жеткен еді. Бірақ қызметкерлердің қолына берілетін жалақы бұл сомадан азырақ, өйткені жалақының бір бөлігі салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге кетеді.

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметіне сенсек, наурыз айының соңында республика бойынша орташа жалақы одан да жоғарылап, 351 633 теңгені құраған. Алайда сарапшылар квартал бойынша ресми мәліметтер жарияланғаннан кейін аталған сома қайта есептелетінін және аздап өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ көрсетілген деректерде жалақысы төмендеу шағын кәсіпорындар есепке алынбағанын ескерген жөн.

Төленген жалақының жартысы қайда кетеді?

Орташа номиналды жалақы бойынша көрсеткіш тұтас жағдайды көрсетпейді. Яғни орташа жалақы 350 мың теңгеден асса, бұл барлық қазақстандық осы жылдың наурыз айында сонша соманы алды дегенді білдірмейді.

Айта кетсек, Ұлттық бюро статистикасында елдегі ең жиі берілген жалақы сомасын анықтайтын "модальды жалақы" деген көрсеткіш бар, 2022 жылы ол небәрі 68 565 теңгені құраған. Яғни қазақстандықтардың басым бөлігі былтыр 68 565 теңге алған.

Соған қарамастан елде қазақстандықтарға қомақты сомадағы жалақы төленетін рекордтық салалар бар. Мәселен, сарапшылардың мәліметінше, наурыз айында ең көп жалақы карьер қазу және тау-кен өндіру саласында берілген, онда орташа жалақы 717 958 теңгені құрады.

Қаржы және сақтандыру саласында – 627 322 теңге, ал ғылыми және техникалық қызмет секторында – 519 329 теңге төленген болатын.

Жалақысы орташа номиналдан жоғары болғандардың тізіміне мына салалар кіреді:

  • ақпарат және коммуникация саласы – 501 089 теңге;
  • құрылыс – 471 611 теңге;
  • жалпы өнеркәсіп саласы бойынша – 468 568 теңге;
  • көлік және қойма шаруашылығы – 425 972 теңге;
  • өңдеу өнеркәсібі – 397 205 теңге.

Орташа жалақыдан аз төленген салалар

Дегенмен барлығы да Қазақстанда жоғары жалақы алған жоқ. Балық шаруашылығында жұмыс істейтін қазақстандықтарға орта есеппен 110 028 теңге, ал орман шаруашылығында жұмыс істейтіндерге 164 245 теңге шамасында төленген.

Жалпы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің орташа жалақысы 194 019 теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы ең аз жалақы мөлшері деп саналады.

Экономиканың басқа салаларында айлық жалақы мөлшері жоғарырақ, бірақ әлі күнге дейін орташа көрсеткішке жеткен жоқ. Мәселен, коммуналдық секторда 312 183 теңгеге жуық, мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыруда 318 105 теңге, әкімшілік және қосалқы қызметтерде 326 254 теңге жалақы төленген.

Осылайша Қазақстандағы жалақы мөлшері әр салада әрқалай төленген, кейбір жағдайларда көрсеткіш арасындағы айырмашылық тіпті бес еседен асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016167-nauryzda-qazaqstandyqtar-qansa-zalaqy-algany-belgili-boldy/