Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда несиені басқа адамның атына өткізуге бола ма

Опубликовано:

Қол алысу
Қол алысу. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Несие кей жағдайда адам үшін ауыр жүкке айналуы мүмкін, ал өтелмеген қарыздың қаржылық салдары да жоқ емес. Бұл жағдайда қарызды басқа тұлғаның атына өткізуге болады. Оны қалай жүзеге асыруға болатыны туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Несие алу туралы келісімге қол қойған сәттен бастап қазақстандық несие алу құжатында көрсетілген шарттармен келісетінін растайды.

Өйткені келісімшартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) жайында, несие мерзімі, төлем мерзімі және міндеттемелер туралы жазылуы мүмкін. Мысалы, міндеттемелердің бірінде кредитор несие берушінің мүлкін тәркілеп, сату құқығы қарастырылған.

Қиын жағдайға тап болмау үшін сіз бірнеше әдісті пайдалана аласыз.

Қарыздан қалай құтылуға болады?

Еске салсақ, 2023 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық борышкерлер мынадай жеңілдіктерді пайдалана алады:

  • сот немесе соттан тыс банкроттық процедурасы - банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) алдындағы қарыздарын есептен шығаруға мүмкіндік береді, бірақ жеке мүлік тәркіленіп, бес жылға несие беруге тыйым салынады;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процедурасы - бұл әдістің банкроттықтан айырмашылығы, қарыздың ауырлығын жеңілдетіп, несиені төлеуді бес жылға дейін шегеруге мүмкіндік береді.

Дегенмен өтінім әркімге мақұлданбайды, өйткені бұл процедуралардың шарттарын орындау үшін белгілі бір талаптарға сай болу керек.

Сондықтан қарызға қатысты жағдайды шешудің тағы бір жолы - оны басқа тұлғаның атына қайта тіркеу.

Қарызды өзгенің атына өткізу рәсімі қалай өтеді?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (АК) 348 бабына сәйкес қазақстандық танысының келісімімен қарызды басқа тұлғаның атына тіркей алады. Бірақ ол үшін несие берушінің де келісімі қажет.

Яғни банкке немесе МҚҰ-ға тиісті өтініш жазу керек: борышкердің төлем қабілеттілігі жоқ екені туралы және жаңа қарыз алушының төлем қабілеттілігін растайтын анықтамалар мен басқа да құжаттарды ұсыну керек.

Көп жағдайда қарыз туыстарының немесе отбасы мүшелерінің атына жазылады.

Сонымен қатар жаңа борышкер қарыз алған адамға қатысты кредитордың талаптарына қарсылық білдіруге құқылы.

Сондай-ақ егер "кепiл берушi жаңа борышкер үшiн жауап беруге несие берушiге келiсiм бермесе, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша кепiл борышты басқа адамға аудару арқылы тоқтатылатынын" есте ұстаған жөн. Бұл Азаматтық кодекстің 326 бабында көрсетілген.

Яғни қазақстандықтар қарызын үшінші тұлғаның атына тіркеу мүмкіндігін пайдалана алады. Осылайша Қазақстан азаматы елден шығуға байланысты тыйым, мүліктің тәркіленуі сынды т.б. салдардан сақтана алады.

Алайда ол процедураны пайдалану үшін несие берушінің (банк немесе МҚҰ) келісімі қажет, оған қоса келісімшарттағы жауапты тұлғаның өзгеруін мақұлдамас бұрын жаңа қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктері мұқият тексеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016260-qazaqstanda-nesieni-basqa-adamnyn-atyna-otkizuge-bola-ma/

pixel