Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда биыл қанша тұрғын үй сатып алынды

Опубликовано:

Көпқабатты үйлер
Көпқабатты үйлер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда үш ай бойы үйді сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарттардың көрсеткіші өзгеріссіз қалып отыр. Ұлттық статистика бюросы наурызда қазақстандықтар қанша тұрғын үй сатып алғаны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наурыз айының қорытындысы бойынша жылжымайтын мүліктің бастапқы нарықтағы бағасының жылдық өсімі – 9,3%-ды, ал қайталама нарықта – 7,3%-ды құрады. Бүгінде жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы шамамен 489 226 теңге, ал қайталама нарықта 513 464 теңге. Яғни қазақстандықтар үшін баспананың қолжетімділігі төмендеп барады.

Бұл сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарттардың көрсеткішіне сүйенсек, үш айда жағдай өзгермегенін байқаймыз. Сарапшылардың мәліметінше, наурыз айында небәрі 24 273 тұрғын үй сатып алынған:

  • жер үйдің саны – 6 275;
  • пәтер саны – 17 998.

Салыстырар болсақ, қазақстандықтар ақпан айында 24 118 баспана, қаңтарда 24 294 баспана сатып алған.

Жылдық көрсеткішке сүйенсек, тұрғын үйге деген сұраныстың одан да күрт төмендегенін байқаймыз. Осылайша 2023 жылғы наурызда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарттың саны өткен жылдың айымен салыстырғанда 64,2%-ға азайған, яғни былтыр 67 801 келісімшарт жасалған.

Сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарттардың көрсеткіші
Сатып алу-сату бойынша жасалған келісімшарттардың көрсеткіші. Инфографика: gov.kz

Қазақстандықтар көбіне қандай баспана сатып алған

Наурыз айында қазақстандықтар екі бөлмелі тұрғын үйлерді жиірек сатып алған. Бірақ бұл көрсеткіштердің арасындағы айырмашылығы 100 жасалған келісімшартты құрады – яғни сатып алынған 1 бөлмелі үйдің саны 6 542, ал екі бөлмелі үйге 6 642 келісімшарт жасалған.

Сондай-ақ 3 849 үш бөлмелі, 849 төрт бөлмелі және бар болғаны 86 бес бөлмелі пәтер сатып алынған. Алты және одан да көп бөлмелі 30 пәтер сатып алынды.

Наурызда тұрғын үйге ең жоғары сұраныс Алматы қаласында - 4 392, Астанада - 3 664 және Қарағанды ​​облысында - 2 404 байқалған. Маңғыстауда - 1 480, Алматыда - 1 195, Шымкентте - 1 051 келісімшарт жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016442-qazaqstanda-biyl-qansa-turgyn-ui-satyp-alyndy/

pixel