Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша жылда миллион доллар табуға болады

Опубликовано:

Ақша есебін жүргізіп отырған әйел
Ақша есебін жүргізіп отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Picodi сарапшылары Қазақстанда орташа айлық жалақы алатын адамдар бір миллион долларды қанша жыл ішінде жинай алатынын есептеп шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Адамдардың басым бөлігі өмір бойы жұмыс істеп, жалпы өмірінде қанша ақша тапқаны туралы ойланбайды, бірақ кей елдерде түрғындары қысқа мерзімнің ішінде миллион доллардан да көбірек қаражат жинай алады.

Мәселен, салықтар мен міндетті жарналарды (5 443 франк немесе 2,7 миллион теңгеден астам) төлей отырып, орташа жалақы алатын Швейцария тұрғыны өзінің алғашқы миллион долларын небәрі 14 жыл 3 айда жинай алады екен. Бұл көрсеткіш бойынша аталған рейтингте бірінші орынға шыққан.

Сингапур (16 жыл 11 ай) мен Люксембург (17 жыл 4 ай) тұрғындары үшін сәл көбірек уақыт қажет болады. Мұнда орташа жалақы теңгемен есептегенде 2,2 миллионнан асады.

Қазақстанға келер болсақ, ол рейтинг бойынша әлемдегі 102 елдің арасында 69-орында тұр. Сарапшылар азаматтардың қолма-қол, яғни барлық салық пен жарнаны төленгеннен кейін алатын орташа жалақысын да есепке алды.

Демек орташа жалақы алатын (шамамен 219,7 мың теңге) қазақстандық азамат жалпы алғанда миллион доллар табу үшін 171 жыл жұмыс істеуі керек.

Бұл көрсеткішті наурыз айының аяғында белгіленген 350 мың теңгеден асатын орташа номиналды, яғни міндетті төлемдерді ұстағанға дейінгі жалақымен шатастырмау керек.

Ресей рейтинг бойынша сәл жоғарылау орынды иеленген (60-орын). Мұнда азаматтар 136 жыл 10 ай жұмыс істеуі керек, өйткені олардың орташа жалақысы шамамен 256,7 мың теңгені құрайды. Украина азаматтарының орташа жалақысы – 174,7 мың теңге және бір млн долларға жету үшін шамамен 215 жыл 10 ай бойы жинауға тура келеді.

Қанша жылда орташа жалақымен бір млн доллар жинауға болады
Инфографика: picodi.com

Рейтингке посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер де енген. Армения 63-орында (148 жас 8 ай), Грузия 70-орында (172 жас 8 ай), Әзірбайжан 87-орында (228 жас 8 ай), Өзбекстан 91-орында (277 жас 8 ай).

Рейтингтің ең төменгі орындарын Уганда елі (523 жас 3 ай), Мысыр (603 жас 6 ай) және Пәкістан (621 жас 3 ай) иеленген. Бұл елдерде тұрғындардың орташа жалақысы Қазақстандағы ең төмен жалақы деңгейінен аспайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016619-qazaqstanda-qansa-zylda-million-dollar-tabuga-bolady/

pixel