Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда белгілі бір мақсатқа зейнетақы жинақтарын алу бойынша жеткіліктілік шегін жою ұсынылды

Опубликовано:

Кассир ақша санауда
Кассир 10 мыңдықтарды есептеп отыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда жинақталған зейнетақы қаражатын жекеменшік басқарушыға аудару үшін жеткіліктілік шегін жоюға болатын заң жобасы талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарын қосымша инвестициялық табысқа қол жеткізу үшін түрлі қаржы құралдарына салуда. Мәселен, азаматтар 2023 жылы екі ай ішінде қосымша 204 миллиард теңгеден астам табыс таба алды.

Қазақстанда бес жеке инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) барына қарамастан, Қазақстан ұлттық банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтерінің негізгі үлесін басқарушы болып табылады. Бірақ қазақстандықтар Ұлттық банкті қоса алғанда алтауына да зейнетақысын сала алады.

Алайда үй сатып алған жағдайда немесе емделуге пайдаланған жағдайда зейнетақы жинақтарын аудару бойынша ең төменгі жеткіліктілік шегі бұл мақсат үшін де бекітілген. Яғни бұл мүмкіндік кез келген қазақстандыққа қолжетімді емес.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл талапқа өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында қаржы реттеушісі жинақталған зейнетақы қаражатын жеке басқарушыларға беру қағидаларын бекіту туралы жаңа қаулы жобасын әзірлеп, оған түзетулер енгізді.

Бүгінде заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған және талқылануда. Талқылау 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін созылады. Егер заң жобасы мақұлданып, қаулы күшіне енсе, онда 1 шілдеден бастап қазақстандықтар өз жинақтарының 50%-ға дейінгі бөлігін жеткіліктілік шегінсіз жекеменшік басқарушыларға бере алатын болады.

Бұл заң жобасы зейнетақы жарналары есебінен жиналған активтерге қатысты. Ерікті зейнетақы жарналарынан жинақталған қаражатты толық көлемде ИПБ-ға аудару мүмкіндігін беру жоспарлануда.

Сонымен қатар заң жобасында Ұлттық банктің бақылауындағы қаражатты қайтару үдерісі де өзгертілген. Енді салымшы райынан қайтып, ақшасын қайтарғысы келген жағдайда бұрынғыдай екі жыл күтпей, бір жылдан кейін қайта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016695-qazaqstanda-belgili-bir-maqsatqa-zeinetaqy-zinaqtaryn-alu-boiynsa-zetkiliktik-segin-zoyu-usynyldy/

pixel