Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы аннуитетін рәсімдегеннен кейін жұмыс істеуге бола ма

Жарияланған күні:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Зейнетақы аннуитетін рәсімдегеннен кейін Қазақстан азаматы өмір бойы зейнетақысын алуға құқылы. Осы орайда зейнетке ертерек шыққанымен, жұмысын жалғастыра беруді қалайтындар нені ескеруі қажет екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан азаматы өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитетін рәсімдеп, келісімшартқа отырғаннан кейін 8 жылға ертерек зейнетке шыға алады. Ол үшін азамат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотында қомақты соманы жинақтауы керек.

Ерлер зейнетке ерте (55 жас) шығу үшін зейнетақы қорында кем дегенде 8 миллион теңге жинақталуы керек, ал әйелдердің (53 жас) қорында кемінде 10,5 миллион теңге жиналуы шарт. Еске сала кетейік, азаматтың зейнетақы жинағы жеткіліксіз болған жағдайда ол туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіре алады.

Сақтандыру компаниясына жасалған аударым сомасы минималды деңгейде болса, өмір бойы берілетін зейнетақы мөлшері де ең төменгі деңгейде болады. Бұл орайда зейнетақы аннуитет келісімшартына отырған күндегі жағдай бойынша күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болмайтын деңгейде болуы керек.

Биыл ол 28 396,9 теңгені құрайды. Сақтандыру компаниясына көбірек сомада зейнетақы жинақтары аударылған жағдайда азаматқа берілетін зейнетақы мөлшері де жоғарлайды.

Сақтандырылған қазақстандық өмір бойы сақтандыру зейнетақысын алуға құқылы, бірақ индекс ескеріледі. Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу ережесіне сәйкес ол жыл сайын кемінде 7%-ға өсуі керек.

Зейнетақы аннуитетін рәсімдегеннен кейін жұмыс істеуге бола ма?

Егер сақтандыру зейнетақысының мөлшері ерте зейнетке шыққан азаматтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз болса, онда кәдімгі зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысты жалғастыра берген абзал.

Осы орайда Қазақстан азаматы мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлікке шығуға да құқылы екенін ұмытпаған жөн. Зейнетақы аннуитетін рәсімдеу мемлекеттік бюджеттен алынатын зейнетақы мөлшеріне әсер етпейді.

Бірақ оның негізгі құрамдас бөлігі зейнетақы алу өтіліне байланысты есептеледі. Және оған зейнетақы аннуитеті келісімшарты бойынша сақтандыру төлемдерін алған мерзімі кірмейді.

Яғни еңбек өтілі мен мемлекеттік зейнетақы мөлшерін өсіру үшін азамат ресми түрде жұмысын жалғастырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аударғаны дұрыс.

Зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі бекітіліп қана қоймай, зейнетақы шотында жаңа жинақтар қалыптасады, азамат заңмен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін жаңа жинақтағы соманы ай сайынғы төлем ретінде ала алады.

Осылайша Қазақстан азаматы бір уақытта үш зейнетақы төлемін ала алады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері азаматтың жинақталған қаражаты таусылғанға дейін жүргізілетінін ескерсек, сақтандыру компаниясының төлемдері азамат үшін зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнеткерлік төлем мөлшерін өсірудің бір амалы әрі қосымша табыс болуы мүмкін.

Бірақ зейнетақы аннуитеті бойынша келісімшартты бұзуға болмайтынын, тек төлемдер сомасын азайтып, ақшаның бір бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға болатынын ескертеміз.

Еске салсақ, бұған дейін зейнеткерлікке қалай ерте шығуға болатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2016990-zeinetaqy-annuitetin-rasimdegennen-keiin-zumys-isteuge-bola-ma/