Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалары интернетті еркін пайдаланатын қанша ата-ана ақшасынан айырылған

Опубликовано:

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Көптеген ата-ана балаларына онлайн сервистерді қолжетімді етіп, кейде соның салдарынан қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kaspersky Lab сарапшыларының айтуынша, қазақстандық ата-аналардың 38 пайызы балаларына онлайн сервистерді қолжетімді еткен. Олардың 11%-ға жуығы интернет-дүкендерге, 10%-ы онлайн-кинотеатрлар мен стриминг ресурстарға, 9%-ы cloud сервистерге кіруге рұқсат берген.

Үлкен шығынға ұшырамау үшін ата-аналар балаларының интернеттегі белсенділігін бақылағаны жөн. Алайда көрсеткіштерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі киберқауіпсіздікке аса мән бермейтін көрінеді.

Қанша қазақстандық ата-ана ақшасынан айырылды

Сарапшылардың пікірінше, сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы қазақстандық балалардың интернеттегі әрекетінен кейін көп шығынға батқан. Азаматтардың жартысына жуығы (47%) 4000 теңгеден 16000 теңгеге дейін қаражатын жоғалтқан.

Қазақстандықтардың тағы 27%-ы 4000 теңге шамасында жоғалтқан. Сондай-ақ ірі көлемдегі шығынға ұшыраған адамдар да болды – қазақстандықтардың 1%-ға жуығы балаларының интернеттегі әрекетінен 400 мың теңгеден астам шығынға ұшырағаны белгілі болды.

Әдетте балалар интернет-алаяқтарға алданып қалып жатады. Алайда кей жағдайда балалар ата-анасының хабарынсыз түрлі сервистерде ақылы түрде тіркелуі немесе онлайн ойындарда ақылы контент сатып алуы ықтимал.

Мамандардың айтуынша, балаға гаджет бермес бұрын немесе оған ақылы сервистерге рұқсат ашар алдында баланың цифрлық сауаттылығын арттыру керек. Яғни интернеттегі күмәнді ұсыныстар мен сілтемелерге кірмеу керек екенін және мұндай ресурстарда жеке және банктік деректерді енгізбеу керек екенін ұғындырған жөн.

Сауалнама нәтижесі бойынша қазақстандық ата-аналардың жартысы ғана балаларына интернеттегі қауіп-қатерлер туралы айтып берген. Олардың 29%-ы ата-ана бақылауы бағдарламасын орнатып, 25%-ы браузер тарихын тексереді.

"Ата-аналар көбіне 4-11 жас аралығындағы балаларды бақылайды. Олар интернетте қанша уақыт өткізетінін, қандай сайттарды немесе бағдарламаларды пайдаланатынын тексеріп отырады", - дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017011-qazaqstanda-balalary-internetti-erkin-paidalanatyn-qansa-ata-ana-aqsasynan-aiyrylgan/