Шетелге шығарылған қаржының қаншасы Қазақстанға қайтарылды: Қаржы министрлігі жауап берді
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі шетелге заңсыз шығарылған активтердің 670 миллиард теңгеге жуығы Қазақстанға қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
"Бүгінге дейін 670 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Бұл - ресми деректер. Бұл ақпаратты Бас прокуратура беріп отыр", - деді министр Ерұлан Жамаубаев.
Айта кетейік, қарашада өткен инаугурацияда сөйлеген сөзінде Тоқаев заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару керектігін айтқан болатын. Сол күні президент "заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар 2023 жылғы 31 наурызға дейін үкіметке, Бас прокуратураға және басқа да құзырлы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға заң жобасын әзірлеп, оны парламент мәжілісінің қарауына енгізу тапсырылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017556-qarzy-ministrligi-qazaqstanga-setelden-670-milliard-tengege-zuyq-qarzy-qaitaryldy/