Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада соңғы алты жылда үлескерлерді алдаған 45 адам сотталды

Опубликовано:

Ақша және құрылыс
Тұрғын үй құрылысы және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласының прокуратурасы соңғы 6 жылда үлескерлердің мүддесі үшін 104 млрд теңгеге 143 талап арыз жазды. Нәтижесінде 15 қылмыстық іс қозғалып, 45 адам сотталды, 147 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның реми сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, мемлекет есебінен 28 тұрғын үй кешені салынып, 24 нысан құрылыс кезеңінде екені белгілі болды.

"Прокуратура азаматтарға заңды айналып өту үшін алдын ала шарт, ниет шарты, инвестиция, брондау және осы сияқты жасырын шарттар жасасатын жосықсыз құрылыс компанияларынан абай болу керектігін ескертеді. Елдің қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөнінде шарт жасасуға міндетті", - дейді қала прокурорының орынбасары Б. Мизанбаев.

Ведомство ақпаратынша, тек екі жағдайда ғана құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын үлестік қатысу туралы шартсыз тарта алады:

  • қазақстандық тұрғын үй компаниясымен шарт болса;
  • құрылыс салушыда әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Сонымен қатар қалалық прокуратура барлық азаматты мұқият болуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017827-astanada-songy-alty-zylda-uleskerlerdi-aldagan-45-adam-sottaldy/

pixel