Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден Қазақстанға түсетін ақша аударымдарының көлемі ұлғая түсті

Опубликовано:

Ақша аударымы
Ақша аударымы. Көрнекі сурет: Ranking.kz

Ranking.kz сарапшылары ақша аударымы жүйесінің арқылы ірі көлемдегі қаражат келіп түсіп жатқанын мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, олардың айтарлықтай бөлігі Ресейден түсіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақша аударымының барлығы банктер арқылы жүзеге асырылмайды. Қаражаттың белгілі бір бөлігі ақша аударымдарының халықаралық жүйелері (ААЖ) арқылы өтеді. Аударым жүйесінің мұндай түрі көп уақытты қажет етеді, бірақ бұл тәсілмен ақшаны жіберу немесе алу үшін ашық банк шоты қажет емес, бастысы - тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат болса жеткілікті.

Осылайша ақша аударымдарының халықаралық жүйелері арқылы Қазақстанға келіп түсетін қаражат мөлшерінің өсімі байқалады. Сарапшылардың мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында мұндай жүйелер арқылы шетелден түскен қаражаттың көлемі 53,4 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 69,1 пайызға (31,6 млрд теңге) көп.

Инфографика
ААЖ арқылы келіп түскен қаражат сомасы. Инфографика: Ranking.kz

Биыл Қазақстанға аударым арқылы түскен ақша мөлшерінің едәуір бөлігі, яғни 21,7 млрд теңгесі Ресейден аударылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 3,8 миллиард теңгені құраған, яғни аударымнан келіп түскен қаражат мөлшері 5,7 есеге өскен.

Жалпы елге ақша аударымдарының халықаралық жүйесі арқылы Өзбекстаннан (6,1 млрд теңге), Оңтүстік Кореядан (5,2 млрд теңге), АҚШ-тан (5,2 млрд теңгеге жуық), Түркиядан (3 млрд теңге), Қырғызстаннан (2,6 млрд теңге) және Германиядан (2,5 млрд теңге) келіп түскен.

Қай елдерден ААЖ арқылы жиі ақша түскен
Қай елдерден ААЖ арқылы жиі ақша түскен. Инфографика: Ranking.kz

Ал Ресейде, керісінше, 2020 жылдан бастап ААЖ үлесі көрсеткіш 42,3%-дан 30,9%-ға төмендеген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 20,2%-ға дейін төмендеді, ал 2022 жылы тіпті 12,2%-ды құраған болатын.

Алайда 2022 жылдың 1 кварталынан кейін жағдай өзгере бастады. Сәуір айынан бастап Қазақстанға ААЖ арқылы қомақты қаражат түсе бастады және шамамен – 52,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың алғашқы үш айында түскен кірістен сәл ғана аз. Қаржының едәуір бөлігі Ресейден келіп түскен.

ААЖ арқылы Ресейден келіп түскен ақша мөлшері
ААЖ арқылы Ресейден келіп түскен ақша мөлшерінің көрсеткіші. Инфографика: Ranking.kz

Осылайша биыл қаңтар-ақпан айларында ААЖ арқылы шетелден келіп түскен қаражат мөлшері 40,7 пайызға тең болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017831-reseiden-qazaqstanga-tusetin-aqsa-audarymdarynyn-kolemi-ulgaya-tusti/

pixel