Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда макарон бағасы бір жылда 35 пайызға қымбаттаған

Жарияланған күні:

Макарон өнімдерінен жасалған тамақ
Макарон өнімдерінен жасалған тамақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда көптеген тауар мен қызмет әлі де қымбаттап жатыр. Бұл макарон өнімдеріне де қатысты. Finprom сарапшылары бір жыл ішінде макаронның бағасы қаншалықты өскенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Макарон өнімдерін тұтыну деңгейіне қарай рейтинг бар. Италияда жан басына шаққанда 23,5 келі макарон мен кеспе өнімін тұтынады. Екінші орында Тунис елі тұр – жан басына шаққанда елде 17 келі тұтынылады.

Алайда Қазақстан рейтингке қосылмаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы макарон және кеспе өнімдерін (вермишель, спагетти, макарон және түтік кеспе) тұтыну бойынша көрсеткіш жан басына шаққанда 18 келіні құрады – бұл әлемнің басқа елдерімен, соның ішінде Туниспен салыстырғанда көбірек.

Сарапшылардың пікірінше, азық-түлік тұтыну деңгейі 2022 жылы аздап төмендеген – жан басына шаққанда 17,3 келіні құраған, бірақ бұл басқа елдермен салыстырғанда сонда да өте жоғары көрсеткіш.

2023 жылы халықтың тұтыну деңгейі төмендеуі мүмкін, себебі макарон өнімдерінің бағасы тез өсуде.

Мәселен, Қазақстанда вермишель биылғы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша бір жылда 35 пайызға қымбаттаған. Кеспе 36,2 пайызға, спагетти 42 пайызға, ал түтік кеспе 33,2 пайызға қымбаттады.

Жалпы макарон өнімдерінің бағасы 35,1 пайызға өскен. Бұл 2023 жылы наурыздағы (20,5%) азық-түлік инфляциясының көрсеткішінен айтарлықтай жоғары.

Өңірлер бойынша да өнімнің бағасы өсуде. Павлодар облысында вермишель мен спагеттидің бағасы бірден 68,8 пайыз және 56,9 пайызға қымбаттаған.

Батыс Қазақстан облысында кеспенің бағасы 75,6 пайызға көтерілсе, Маңғыстау облысында түтік кеспенің бағасы 54,1 пайызға көтерілгенін байқауға болады. Сондай-ақ Маңғыстау жалпы макарон мен кеспе өнімінің бағасы ең жоғары өңір деп есептеледі (52,1%).

Қазақстанда тек макарон өнімдерінің бағасы өскен жоқ. Басқа да түрлі тауарлар мен қызметтер қымбаттауда. Қазірдің өзінде ел тұрғындары өз табысының жартысынан астамын азық-түлік пен өзге де тұтыну тауарларына жұмсауда және бұл қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатына кері әсерін тигізіп жатыр дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018168-qazaqstanda-makaron-bagasy-da-osken/