Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар кірісінің жартысынан көбін тамаққа, алкогольге және темекіге жұмсаған

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Баға өскен сайын қазақстандықтардың шығыны да артуда. 2022 жылы Қазақстан азаматтарының ақшаны көбіне қайда жұмсағаны белгілі болды.

2022 жылдың соңында Қазақстандағы инфляция 20 пайыздық межеден өтіп, азық-түлік бағасы жоғарылай түсті. Бұл азық-түлікке көбірек шығындалуға мәжбүр болған қарапайым қазақстандықтарға қатты әсер етті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс 964 447 теңгені құрады. Бұл 80 мың теңгеден сәл жоғары.

Елдің табыс көрсеткішін жасағанда тек ресми түрде жұмыс істейтіндерді емес, бүкіл халық есепке алынады. Сондықтан бұл көрсеткішті 2022 жылдың соңына қарай 338 715 теңгеге жеткен елдегі орташа номиналды жалақымен шатастырмау керек.

Қазақстандықтардың табысының басым бөлігі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған. Республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 931 225 теңгені құрады. Яғни қазақстандықтар жылдық табысының 3,44 пайызға жуығын ғана түрлі қажеттіліктерге жұмсамаған.

2022 жылы қазақстандықтардың шығыны қандай болды

Тұтынушылық сипаттағы шығын мөлшері шамамен 861 942 теңгені (92,6%) құрады. 2022 жылы қазақстандықтар азық-түлікке орта есеппен 476 110 теңге (51,1%), азық-түлік емес тауарларға 226 817 теңге (24,4%), түрлі ақылы қызметтерді төлеуге 159 015 теңге (17,1%) жұмсаған.

Шығындардың бір бөлігі туыстарына материалдық көмек көрсетуге және алимент өндіруге (1,7%), несиелер мен қарыздарды өтеуге (5,5%) және салықтарды (0,2%) төлеуге кеткен.

Азық-түлік өнімдеріне жұмсалған шығынға тоқталар болсақ, 2022 жылы әрбір қазақстандық орташа есеппен алғанда азық-түлікке шамамен 441 187 теңге кетірген, ал сыртта, яғни кафе, мейрамхана және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында тамақтануға 14 714 теңге жұмсалған.

Алкоголь мен темекіге Қазақстан азаматтары орташа есеппен 5763 теңге және 13 079 теңге жұмсаған.

Қорытындылай келе, қазақстандықтар азық-түлік тауарларына көбірек шығындалғанын байқауға болады. Жалпы алғанда бір жылдың ішінде халықтың тұтынушылық шығыны бірден 15,1%-ға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2017970-qazaqstandyqtar-kirisinin-zartysynan-kobin-tamaqqa-alkogolge-zane-temekige-zumsagan/