Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі коммуналдық қызмет тарифтері қашан көтерілетінін айтты

Опубликовано:

Есептегіш құрал
Есептегіш құрал. Көрнекі фото: Рexels.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында коммуналдық қызмет тарифтерінің құны қашан көтерілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлібек Қуантыров тарифтердің көтерілуі күтілетінін еске салды.

"Тарифтер бағасы жазда көтеріледі деп күтілуде. Бірақ біз мұны өте баяу орындаймыз. Біріншіден, біздің тарифтер халыққа қолайлы болуы керек", – деп қосты ол.

Оның айтуынша, бірқатар өңірде желілердің тозығы жеткен, әсіресе жылумен қамту жүйесінің 80 пайыздан астамы тозған.

"Желілер мен ЖЭО-ны жаңғырту мәселелерін тек тарифтер арқылы ғана шешпейміз, яғни бұл мәселені тек тарифтер арқылы шешуге болмайды. Жауапкершілік пен инвестицияның бір бөлігі меншік иелеріне жүктеледі. Қазір негізгі ауыртпалық бюджетке түседі", – деп түйіндеді Қуантыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018340-ulttyq-ekonomika-ministri-kommunaldyq-qyzmet-tarifteri-qasan-koteriletinin-aitty/

pixel