Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несиесін төлемей жүрген қазақстандықтарға онлайн кредит алуға тыйым салынбақ

Жарияланған күні:

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалық қарызы бар азаматтарға онлайн кредит алуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әбілқасымованың айтуынша, кейбір қазақстандықтар банктегі кредитін жабу үшін басқа қаржы ұйымынан тағы да несие алатын көрінеді.

"Егер азаматтың пролемалық кредиті болса, сол кезде жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады.

Бізде кредит алушылар саны неге өсіп барады? Себебі, азаматтар банкте бір проблемалық кредиті болса, соны жабу үшін микроқаржы ұйымына барады да, жаңа кредит алады.

Сол себепті проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы осындай ұсыныс енгіздік", – деп түсіндірді Мадина Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Аталған тыйым тек микроқаржы ұйымдарына қатысты ма деген сауалға агенттік төрағасы:

"Біз барлық кредит бойынша қарастырып жатырмыз", – деп нақтылап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018349-nesiesin-tolemei-zurgen-qazaqstandyqtarga-onlain-kredit-aluga-tyiym-salynbaq/