Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайтарылмайтын әуе билетінің ақшасын қалай қайтаруға болады

Опубликовано:

Паспорт пен ақша
Паспорт пен ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Демалыс маусымында қазақстандықтар күтпеген және төтенше жағдайларда өз мүддесін қорғауға дайын болуы керек. Мысалы, жоспарлаған мемлекетке, қалаға ұшпайтын болып, билетті қайтару керек болған жағдайда не істеу керек? Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Шетелде демалу үшін жолдама сатып алғанда қазақстандықтар әуе билеттерін бөлек те сатып ала алады.

Билеттердің екі түрі бар:

  • қайтарылатын – себептерге қарамастан билетті қайтарып, ақшаны қайтаруға болады;
  • қайтарылмайтын – мұндай билеттерді ақшаға қайта айырбастау қиынға соғады, тіпті, бұл жағдайда ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

"Казахстан Подешевле" Telegram-арнасының хабарлауынша, десе де, белгілі бір шарттардың арқасында тіпті қайтарылмайтын билеттерге төленіп қойған ақшаның әжептеуір бөлігін немесе толық соманы қайтарып алуға болады.

Рейс кешіккен жағдайда не істеу қажет?

Қайтарылмайтын билеттің ақшасын қайтаруға бірден бір себеп болатын жағдай әуекомпанияның өз кінәсінен болып табылады. Мысалы, рейс бес сағатқа немесе одан да көп уақытқа кешігуі ықтимал.

Мұндай жағдайлар ұшақтың кешігіп келуінен де, ұшақтың ұшуға уақытылы дайындалмауынан да (бұзылып қалса, жөндеу жұмыстары жүргізілсе және т.б.) туындауы мүмкін.

Бұл жағдайда сіз билеттің ақшасын қайтара аласыз немесе оны ауыстыра басқа билетке айырбастай аласыз. Бұл ретте, әуе компаниясына немесе билетті сату бойынша сервиске хабарласып, ақпараттарды нақтылап, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Денсаулық нашарлаған жағдайда не істеу керек?

Сондай-ақ жолаушы өзі немесе бірге саяхаттайтын отбасы мүшелері ауырып қалған жағдайда, соның ішінде қайтыс болған жағдайда қайтарылмайтын билетті өткізіп, ақшасын қайтара алады.

Ол үшін сіз де билеттен бас тартып, әуекомпанияға растайтын құжаттарды беруіңіз керек. Мысалы, рейстің уақыты жақындағанда денсаулықтың нашарлағанын растайтын еңбекке жарамсыздық парағы (больничный) ұсынылу керек.

Сонымен қатар сізге медициналық мекеменің анықтамасы (фирмалық бланк немесе бекітілген үлгіде) немесе ауру тарихыңыздан көшірме қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігердің, бөлім меңгерушісінің қолы және мөрі (жеке өзінің және мекеменің) қажет.

Себеп болмаған жағдайда не істеу керек?

Егер жоғарыда келтірілген себептердің ешбірінің сізге қатысы болмаса, онда соманың кем дегенде бір бөлігін қайтаруға тырысуға болады. Кейбір әуекомпаниялар қайтарылмайтын билет жойылған жағдайда жолаушыға әуежай мен жанармайдың үстеме ақысын қайтарып жатады.

Осылайша нақты бір себеп болмаған жағдайда билетке төленген ақшаны толық жоғалтпай, билет құнының бір бөлігін қайтарып алуға тырысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018444-qazaqstanda-qaitarylmaityn-avibilettin-aqsasyn-qalai-aluga-bolady/

pixel