Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан көшіп кеткен адам зейнетақы жинағын туысқанына аудара ала ма

Опубликовано:

Құжат ұстап отырған ер адам
Құжат ұстап отырған ер адам. Көрнекі сурет: Freepik / karlyukav

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қазақстаннан көшіп бара жатқан салымшылары зейнетақы жинағын өзімен алуға құқылы. Ал туыстарына қалдыра ала ма? Бұл сұраққа толық жауапты KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталған ақша салымшыларға тиесілі, бірақ Қазақстан азаматы оны оңайшылықпен ала алмайды, ол үшін арнайы себеп болуы керек.

Қазақстандықтың басым бөлігі БЖЗҚ-дағы қаражатын көбіне зейнетке шыққаннан кейін ғана ала алады. Бірақ кей салымшылардың есепшотында жеткілікті ақшасы бар болған жағдайда оның бір бөлігін үй сатып алуға немесе ем алуды төлеуге пайдалана алады.

Дегенмен заңда салымшыға зейнетке шығу жасын күтпей-ақ, барлық жинағын бірден алу мүмкіндіктері де жоқ емес.

БЖЗҚ салымшылары Қазақстаннан басқа елге тұрақты тұруға көшіп кеткен жағдайда зейнетақы жинағын алуға құқылы. Азамат ақшаны тек шетелде тұрақтағаннан кейін ала алады.

Алайда шетелге көшіп, азаматтықты өзгерту жеткіліксіз. Тұрақты тұруға мақсатында елден кетуді миграциялық полиция бөлімшесінде рәсімдеу керек, онда адамның елден кету құқығы мен тыйым салу себептері тексеріледі.

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Барлық құжат толтырылғаннан кейін зейнетақы жинағын алу үшін БЖЗҚ-ға хабарласуға болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметі бойынша құжаттарды тапсырудың үш тәсілі бар:

  1. Азамат БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік төлқұжатпен және банктік шот туралы мәліметтермен жүгіне алады.
  2. БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен азаматтың сенімді тұлғасы да жүгіне алады. Ол үшін сенімді тұлғада өзімен бірге: азаматтың шетелдік төлқұжаты немесе азаматтығы жоқ адам ретіндегі куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; нотариалды куәландырылған сенімхат; азаматтың банктік шоты туралы мәліметтер болуға тиіс.
  3. Азамат қажетті құжаттарды пошта арқылы жібере алады. Құжаттар тізімі мынадай: нотариалды куәландырылған қолы бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш; шетелдік төлқұжаттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; банк шоты туралы мәліметтер. Жиналған құжаттарды БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошта адресіне жіберуге болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Құжаттар тапсырылғаннан кейін БЖЗҚ қаражатты аудару рәсіміне кіріседі және көп ұзамай салымшының жеке зейнетақы шотында сақталған барлық жинағы жеке банк шотына салынады.

Бірақ бұл қызмет ақылы. Зейнетақы жинағы сомасының 10 пайызы жеке табыс салығы ретінде, сондай-ақ БЖЗҚ-дан басқа төлемдерді алу кезінде ұсталатын болады.

Айта кетейік, БЖЗҚ ақшаны салымшының өз шотына ғана аударады. Яғни аударым кезінде өзге адамның банктік реквизиттерін көрсетуге болмайды, өйткені салымшының зейнетақы жинағы өзге адамның шотына салынбайды.

Сондықтан басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам зейнетақы жинағын жақын туыстарына бірден аудара алмайды. Ол үшін азамат БЖЗҚ-дан аударым процедурасы аяқталғанша күту керек, содан кейін ғана ақшаны өз қалауы бойынша кәдеге жаратуға құқылы.

Бұл шектеулер сенімді тұлғаға да қатысты. Сенімді тұлғада өзінің банктік шотын немесе зейнетақы жинағының иесі болып табылмайтын кез келген басқа тұлға туралы ақпаратты беруге құқығы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018454-qazaqstannan-kosip-ketken-adam-zeinetaqy-zinagyn-tuysqanyna-audara-ala-ma/

pixel