Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жемқорлардан алынған ақша қайда жұмсалады

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкімет Қазақстанда жемқорлардан алынған қаражат қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалатынын айтты. Яғни Қазақстан үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті.

Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын.

"Жалпы, мектеп салу үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс", — деді мемлекет басшысы.

Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түскен.

Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады.

Атап айтқанда:

  • 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға;
  • тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018606-qazaqstanda-zemqorlardan-alyngan-aqsalar-qaida-zumsalady/

pixel