Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен еліміздің қазба байлығы қазақстандықтарға пайда әкелмейді: сарапшылар жауабы

Опубликовано:

Өңделмеген алтын
Өңделмеген алтын: pixabay.com

Қазақстан жер қойнауындағы кейбір қазба байлығы бойынша әлем рейтингісінде көш бастап тұр. Осы орайда сарапшылар шикізаттың басым бөлігі азаматтардың әл-ауқатын не себепті қамтамасыз етпейтінін түсіндірді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан жер қойнауындағы кейбір қазба байлығы бойынша, дәлірек айтсақ, металдар (вольфрам, хром, күміс, мырыш) мен пайдалы қазбалардың (газ, мұнай және уран) жекелеген түрлерінен алдыңғы қатарда.

Бірақ қазба байлықтың мөлшері көп болғанымен оны толық халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкін емес.

Бұл жағдай Қазақстанның энергетика саласының мәселелері бойынша Energy Monitor Telegram арнасында талқыланған.

Қазба байлық қорын пайдаланудағы қиындықтар

Дереккөз мәліметінше, Қазақстан кейбір ресурстардың қоры бойынша жетекші орында:

  • вольфрам бойынша – әлемде бірінші орын иеленіп тұр;
  • уран мен хром кен орындары – дүниежүзінде екінші орында;
  • марганец, күміс, мырыш және қорғасын қоры бойынша әлемнің жетекші елдерінің бестігіне кіреді.

Дегенмен оларды өндіру мен пайдалануда белгілі бір қиындықтар бар. Себебі бір тонна кендегі пайдалы элементтердің мөлшері бойынша минералдың сапасы төмен болып шықты.

"Мысалы, вольфрамды алсақ, Қазақстан шикізаттың сапасы бойынша 25-орында, сондықтан кен орындарын игеру тиімді емес болуы әбден мүмкін.

Екіншіден, Қазақстанда пайдалы қазбалар мен металдарды өңдеу ісі жоқ: кендер теңіз жағалауына жақын орналасқан мегазауыттарға басқа елдерге экспортталады (теміржол арқылы тасымалдауға көп шығын кетеді)", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ дереккөздің хабарлауынша, Қазақстанның экономикасына уран өндіру және экспорттау бойынша әлемде бірінші орында болуы аса маңызды емес: бұл ресурс Қазақстанның жалпы экспорт үлесінің 0,5 пайызын ғана құрайды.

"Ал уран өндіруге салынатын салықтар Қазақстанға емес, инвесторларға тиімдірек", - деп жазады Energy Monitor.

Яғни пайдалы қазбаларды өндіру мен тасымалдаудың құны жоғары болған жағдайда инвесторлардың қызығушылығы төмендейді. Тиісінше, қазба байлық көп болғанымен, барлық ресурс түрін халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыттау мүмкін емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019005-nelikten-elimizdin-qazba-bailygy-qazaqstandyqtarga-paida-akelmeidi-sarapsylar-zauaby/