Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді
Жарияланған күні:
Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтындағы деректерге сілтеме жасап.
Бүгін, 3 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, елімізде доллар бағамы бірден 6,45 теңгеге төмендеп, қазіргі таңда 1 доллар 442,52 теңгені құрап отыр.
Айта кетелік, Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,15 теңге болды.
NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Астанада: сатып алу – 441,3-443,5 теңге, сату – 447,3-447,6 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 441,3-448 теңге, сату – 447,3-452 теңге;
- Шымкентте: сатып алу – 441,3-443,5 теңге, сату – 447,3-447,6 теңге.
Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:
- Астанада: сатып алу – 442,5-445 теңге, сату – 446,5-451 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 443-444,5 теңге, сату – 447,5-449 теңге;
- Шымкентте: сатып алу – 444,5-447 теңге, сату – 447,4-450 теңге аралығында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019215-qazaqstanda-aqs-dollary-7-tengege-deiin-arzandady/