Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Опубликовано:

Доллар санап жатқан қызметкер
Доллар санап жатқан қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтындағы деректерге сілтеме жасап.

Бүгін, 3 мамырда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, елімізде доллар бағамы бірден 6,45 теңгеге төмендеп, қазіргі таңда 1 доллар 442,52 теңгені құрап отыр.

Айта кетелік, Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,15 теңге болды.

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 441,3-443,5 теңге, сату – 447,3-447,6 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 441,3-448 теңге, сату – 447,3-452 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 441,3-443,5 теңге, сату – 447,3-447,6 теңге.

Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 442,5-445 теңге, сату – 446,5-451 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 443-444,5 теңге, сату – 447,5-449 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 444,5-447 теңге, сату – 447,4-450 теңге аралығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019215-qazaqstanda-aqs-dollary-7-tengege-deiin-arzandady/

pixel