Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрдаулет Айдосов: Біз біртіндеп классикалық банкингтен жоғары технологиялық компанияға айналудамыз

Опубликовано:

Нурдаулет Айдосов
Жанарбек Аманкулов. Фото: Jusan Bank

Jusan Bank бизнестің барлық бағыты бойынша басты көрсеткіштерінің өсіміне дәлел болатын 2022 жылғы аудиттелген қаржы есебін ұсынды. Банк басшысы Нұрдәулет Айдосов банктің жоғары технологиялық компанияға айналу жолында сенімді қадамдар жасап жатқанын айтады.

2022 жылы Jusan-да цифрлық клиенттердің өсімі байқалды: екі қосымша бойынша ай сайынғы (MAU) бірегей қолданушылар саны 1,3 млн адамнан асты. Олардың Jusan Business-тегі саны 136%-ға, ал Jusan-ның бөлшек бизнес платформасында 52%-ға артты.

Клиенттік базаның өсімі негізгі операциялық көрсеткіштердің нығаюына әсер етті: 2021 жылмен салыстырғанда таза табыс 9 есеге өсіп, 88,6 млрд теңгеге жетті. Jusan тобының активтері жыл соңына қарай 4%-ға өсіп, 3 трлн теңгеден асқан.

Түсімнің өсімінен соң активтердің табыстылығы мен банк капиталының көрсеткіштері де артты: ROA 0,5%-дан 3,3%-ға, ROE 2,6%-дан 18,5%-ға өскен, бұл банкке провизияны дәлме-дәл қалыптастыруға және түсімді одан ары өз экожүйесін дамыту үшін қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

«Біз банкті технологиялық тұрғыда трансформациялау, клиенттерді белсенді түрде тарту және ойластырылған корпоративті басқару есебінен көрсеткіштерімізді айтарлықтай жақсарттық. Өсімнің жоғары қарқынын сақтай алдық: клиенттеріміздің саны 52%-ға, яғни 3 миллионнан асты. Бұл ретте өсім заңды тұлғалар арасында да, жеке клиенттер арасында да байқалды. Біз біртіндеп классикалық банкингтен жоғары технологиялық қаржы компаниясына айналудамыз», - дейді Jusan Bank басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

2022 жыл банктің несие бағытындағы қызметі үшін де сәтті болды: ШОБ-тың қарыз портфелі 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға – 531 млрд теңгеге өсті, ал жеке клиенттердің қарыз портфелі 2022 жылмен салыстырғанда 26%-ға - 343 млрд теңгеге өскен.

Бұл ретте Банк өткен жылдың қорытындылары бойынша 27%-ға артқан күтілген несие шығындары бойынша уақытылы провизия жасау арқылы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, несиелеуге консервативті қадам саясатын ұстанатынын мәлімдейді. Алайда жасалған провизиялар жағымсыз несиелер (NPL) көлемін 165 пайызға жабады.

Банк несиелеуінің арқасында ШОБ секторы 175 мың жаңа жұмыс орнын ұсынды. Банк кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысады. 2022 жылы Jusan республика банктері ішінде Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында берілген несиелер көлемі бойынша 3-ші орынға шықты.

Несиелік өнімдерден бөлек банк қаржылық емес қызметтерді дамытуға баса назар аударып отыр. Болашақта оларды дамытып, ауқымын кеңейту жоспарланған. Қазірдің өзінде Jusan App клиенттері т/ж және әуе, кино, театр және концерттер билеттерін сатып ала алады.

«Біздің мобильді қосымшалар клиенттерімізге тек қаржыға байланысты сұраныстардан бөлек, күнделікті қаржылық емес қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде біздің lifestyle-сервистерге сұраныс артып келеді. Мәселен, Jusan Travel сервисі әуе және т/ж билеттерінің сатылымы бойынша банктер арасында екінші орында тұр, ал онлайн-дүкендеріміздің сатылымдар көлемі жылдық көрсеткіш бойынша 255%-ға өскен», - дейді Jusan Bank басшысы.

Онлайн-дүкендер арқылы сатылған тауарлардың жиынтық бағасы 13,5 млрд теңгеден асып жығылды, бұл көрсеткіш оның Қазақстан нарығындағы №2 маркетплейс екенін көрсетеді. Бұл тұста ШОБ-тың 25 мың кәсіпкерлік құрылымы өнімдері мен қызметтерін бөліп төлеу және тегін жеткізу мүмкіндігімен сатуға арналған онлайн каналға ие болып, маркетплейске шықты.

Брокерлік қызметтердің өсуі аясында Jusan-ның инвестициялық платформасында айтарлықтай өсім байқалған: 2022 жылдың соңына қарай жеке инвесторлардың клиенттік базасы 11 есеге – 336 мың инвесторға өскен, ал бүгінде бұл көрсеткіш 500 мыңға жеткен. Осылайша Jusan Invest Қазақстан нарығындағы брокерлік шоттар саны бойынша көш басында тұр.

«Jusan-ның сұранысқа ие цифрлық шешімі кәсіпкерлер мен жеке клиенттердің алдыңғы қатарлы қаржылық өнімдері мен қызметтеріне және қашықтан ұсынылатын, сондай-ақ қаржылық инклюзияның аясын кеңейтуге мүмкіндігін беретін өнімдер мен қызметтерге деген сұранысын қанағаттандырады. 2022 жылы цифрлық технологияларға құйылған көлемді инвестициялардың арқасында онлайн-сервистердің өнімдік желісін кеңейттіп, Jusan-ның экожүйесіндегі жаңа инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізіп, оларды қазақстандықтар үшін қолжетімдірек еттік», - деп атап өтті Нұрдәулет Айдосов.

Белсенді өсімнің аясында Jusan Вank пруденциалды нормативтерді арттыра отырып, қаржы реттеушінің барлық талабын орындап, Қазақстандағы тұрақты қаржы институтына айналып отыр. Жыл қорытындысы бойынша Банктің жеке капиталы 751,5 млрд теңгеге жеткен. Капиталдың активтерге қатынасы бойынша Банк еліміздегі ірі банктер арасында бірінші орында тұр. k1 капиталының жеткіліктілігі 29,9%-ға, k2 – 47,4%-ға жеткен, бұл ретте норматив сәйкесінше - 8,5% және 10% болуға тиіс.

Банк ESG-философиясын енгізуде. Оның мақсаты – БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары негізінде банк қызметін жауапты түрде жүргізудің үздік тәжірибесін енгізу. Jusan Bank елімізде алғашқылардың бірі болып S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық ESG-рейтингіне ие болған.

Сонымен бірге сарапшыла экожүйенің айтарлықтай трансформациядан өткенін ескерді және Jusan бірқатар марапатқа ие болды. Олар: Best Bank – Kazakhstan 2022, «Қазақстан экономикасының диверсификациясына айтарлықтай үлес қосқаны үшін – 2022», банктің мобильді қосымшасын KPMG тәуелсіз зерттеу ұйымы киберқауіпсіздік бойынша көшбасшы әрі Қазақстандағы үздік қосымшалардың бірі ретінде таныды.

Биыл банк жаңа үш жылдық даму стратегиясы жағдайында жұмыс істей бастады, ол.

Былтыр банк клиентке бағытталған заманауи принциптері негізіндегі бизнес-модель бойынша құрастырылған үш жылдық даму стратегиясын бекітті. Стратегияда Jusan-ды бірінші санаттағы сервисі бар инновациялық, жоғары технологиялық банкке айналдыру көзделген. Ал бұл нарықтық үлесті арттырып, әлеуетті клиенттерге тартымды бола түсуге мүмкіндік бермек, дейді банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019420-nurdaulet-aidosov-biz-birtindep-klassikalyq-bankingten-zogary-texnologiyalyq-kompaniyaga-ainaludamyz/

pixel