Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет өз резервінен Ақтау қаласы мен қала маңдағы ауыл үшін 3,7 млрд теңге бөледі

Опубликовано:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет резервінен Ақтау қаласы мен қалаға жақын маңдағы ауыл тұрғындарын жылу және газбен қамтамасыз ету үшін 3,7 млрд теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

"Үкімет "Жаңаөзен-Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 млрд 695 млн 925 мың теңге бөледі", - делінген ресми хабарламада.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр.

"Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет", - деп атап өтті үкіметтен. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандардың, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдарының, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр", - деп қоса кетті үкіметтен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019557-ukimet-oz-rezervinen-aqtau-qalasy-men-qala-mandagy-auyl-turgyndaryn-zylu-zane-gazben-qamtamasyz-etu-usin-37-mlrd-tenge-boledi/

pixel