jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Сарапшылар Қазақстан азаматының 1 тоқсандағы орташа жалақысын атады

    Ақша ұстааған ер адам
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық статистика бюросы өзінің ресми сайтында 2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы қандай көрсеткіштерге жеткені туралы хабарлады.

    Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгені құрады.

    2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3 пайыз болғанымен, нақты мәнде – 0,6 пайызға төмендеген.

    Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.

    2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі келесі салаларда байқалды:

    • құрылыста – 34,5 пайыз;
    • ақпарат және байланыста– 30,3 пайыз;
    • тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2 пайыз.

    2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалған – 8,6 пайыз.

    2023 жылғы I тоқсандағы номиналды және нақты жалақы индекстері

    Салалар бөлінісінде ең жоғары жалақы мөлшері:

    тау-кен өндіру саласындағы – 766 555тг

    қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг

    ақпарат және байланыс саласында болды – 541 218тг.

    Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 тг, сондай-ақ және ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге.

    Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4 пайыз.

    Ең төменгі өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалды – 11,9 пайыз.

    Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да – 241 102 теңге.

    Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2023 жылғы I тоқсанда 3,6 есені құрады.

    Сарапшылар Қазақстан азаматының 1 тоқсандағы орташа жалақысын атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.