Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолайлы демалыс: қазақстандықтар демалысқа жұмсаған ақшасының бір бөлігін қалай қайтара алады

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Демалыс маусымын шетелде өткізгеннен кейін жұмсалған қаражаттың бір бөлігін қалай қайтаруға болады? Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Шетелдегі курорттық аймақтарда демалу үшін көбіне жолдама сатып алуға тура келеді және шетелдегі демалыс кейде белгілі бір шығындарды талап етеді. Әдетте жолдаманың бағасына демалыс орны мен ұшу қызметі кіреді.

Алайда демалыс кезінде тамақ, ойын-сауық және тауарлар сатып алу үшін қосымша шығындалуыңыз мүмкін. Бұл ретте, жалпы кеткен шығын сомасының бір бөлігін Tax Free жүйесі арқылы сапардан оралғаннан кейін қайтаруға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл қызмет 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда демалатын шетелдіктер үшін де қолжетімді.

Қандай шығын түрінен ақшаны қайтаруға болады

Жұмсалған қаражатты қайтару қазақстандықтардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуіне байланысты. Tax Free қызметі әдетте электрондық жабдықтар (смартфон, ноутбук, т.с.с), киім мен аяқ киім, аксессуарлар сияқты т.б. тауарларды сатып алған кезде соманың белгілі бір бөлігін қайтарады.

Қайтару сомасының мөлшері екі факторға байланысты:

  • демалған еліңіздегі салық мөлшері – кейбір мемлекеттерде ол 20 пайызға дейін жетуі мүмкін;
  • сатып алу сомасы – Tax Free шеңберінде тауарлардың құнына шектеулер болуы мүмкін.

Яғни жоғары ҚҚС-пен 200 АҚШ долларына тауар сатып алып, 40 долларға дейінгі соманы қайтарып алуға болады.

Теңге
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Tax Free жүйесі қалай жұмыс істейді

Бұл жүйеге шетелдегі барлық дүкен қатыса алмайтынын есте ұстаған жөн. Сіз таңдаған дүкен бұл жүйемен жұмыс істей ме әлде жоқ па, оны анықтау үшін интернеттен ақпарат іздеуге болады немесе бұл туралы мекеменің өзінен сұрауға мүмкіндік бар.

Таңдалған дүкенде ҚҚС қайтару қызметі болса, сіз дүкенде қалаған затты сатып ала аласыз. Бірақ өзіңізбен бірге төлқұжат болуы керек – ол сізге Tax Free процедурасын рәсімдеу үшін қажет.

Сатып алу және салықты қайтару туралы өтініш бергеннен кейін сатушы клиенттің төлқұжат деректерін арнайы бланкқа енгізеді немесе электрондық нұсқасын жасап алады. Тауардан алынған түбіртек сақталуы керек. Сондай-ақ елден кеткенше сатып алынған тауарды ашуға болмайтынын да ұмытпаған абзал.

Кей елдерде қайтарымды рәсімдеу (деректерді толтыру) тек арнайы орындарда жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан мұндай шаттар туралы да алдын ала біліп алған жөн.

Кейін Қазақстанға оралар кезде демалушылар шетелдік әуежайда Tax Free процедурасын рәсімдейтін орынды табуы керек. Салық үшін төлеген ақшаны алу үшін турист тауар чегін кеден бекетінің қызметкеріне ұсынуы қажет және жабық пакеттегі заттың өзін көрсетуге тиіс.

Соманы қайтару туралы өтінішті рәсімдеу аяқталғаннан кейін ақшаны қолма-қол алуға болады немесе банк картасына аударылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019877-qolaily-demalys-qazaqstandyqtar-demalysqa-zumsagan-aqsasynyn-bir-boligin-qalai-qaitara-alady/

pixel