Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келер жылдан бастап 18 жасқа толғандарға Ұлттық қордан ақша түсе бастайды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылдың ақпан айынан бастап 18-ге толғандарға Ұлттық қордан ақшасы түсе бастайды. Тек жалғыз шарты – міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, алғашқылардың бірі болып ақша алатын қазақстандықтардың саны 260 мың шамасында. Ал берілетін ақша қыркүйекке дейін есептелуге тиіс. Кейін барлық мәлімет Бірыңғай жинақтаушы қорына беріледі. Ол жылдың аяғына дейін қордан ақша алатындардың дерегін тексереді.

Мұндай әр кезеңді жұмыс, нақты ақша аударымдары аударылатын сәтте, операциялардың автоматты түрде жүзеге асуына көмектеседі. Құжат жұмысы реттелген соң, келесі жылдың бірінші айы біткенше 18-ге толған қазақстандықтардың шотына Ұлттық қордан өзіне тиесілі ақша салынады. Тізім жылына бір рет жаңартылып тұрады.

"Бірінші төлемдер 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін  түседі. Қазір 17-дегі жасөспірім келесі жылы бірінші төлемді алады. Ал 2024 жылдың 1 ақпанында 18-ге толатындар сол кезден бастап өтініш жаза берсе болады. Ақшаның түсуі әр адамның туған айына байланысты. 18-ге толғаннан кейін сол айда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барып өтініш бере берсе болады. Қазір бәрінің онлайн платформа арқылы жүзеге асуы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев 18 жасқа толмаған адам Қазақстан азаматтығын ауыстыратын болса, онда бұл құқықтан айырылатынын айтты.

"Егер 18 жасқа ге толмай тұрып Қазақстан азаматтығын өзгертіп жататын болса, басқа елге көшіп кететін болса, ол құқықтан айырылады. Орташа есеппен алған кезінде сомасы 2018 жылдың орта есебімен алынады. Өйткені дағдарыс кезінде болды, Ұлттық қордың  кірісінің кейде теріс мәні болған кездері бар. Бүгінгі күнге ол 2,6 пайыз. Сол соманы есептегенде 18 жылда, кем дегенде 3,5 мың доллар алатын жағдайы бар", - деді Берік Бейсенғалиев.

Телеарнаның ақпаратынша, бұл сома пәтер алуға жетпейді. Сондықтан қаражатты "Отбасы банкке" немесе депозитке салып көбейтуге мүмкіндік беріледі. Егер оқуға төлейтін болса, сома бірден ЖОО-ның есепшотына аударылады. Нақты тізім осы жылдың тамыз айына дейін реттеледі.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2020382-keler-zyldan-bastap-18-zasqa-tolgandarga-ulttyq-qordan-aqsa-tuse-bastaidy/

pixel