Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша

Опубликовано:

Теңге және калькулятор
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжілісте үкіметтің 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырды. Онда ол елдің мемлекеттік қарызының көлемі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр өз баяндамасында өткен жылы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша оң тенденцияға ие болғанын айтты: 2022 жылы ЖІӨ өсімі 3,2 пайызды құрады, бұл бекітілген болжамдық мәннен 1,1 пайыздға жоғары.

Қызмет көрсету саласындағы өсімі, экспорттың жоғарылау қарқыны есебінен сауда балансының нығаюы, құрылыс пен қызмет көрсету саласындағы инвестициялау бойынша өсім байқалды.

Жамаубаевтың айтуынша, инфляция деңгейі мақсатты дәліздің жоғарғы шегінен (8-10%) 10,3 пайыздық пунктке асып, 20,3 пайызды құрады.

Министр бюджет параметрлерінің орындалу барысы туралы айта отырып, бюджет кірістері 102,1 пайызға орындалып, 16 триллион 142 миллиард теңгені құрағанын айтты. Шығындар 18 триллион 532 миллиард теңгеге немесе 98,6 пайызға орындалды.

Бюджет тапшылығы 2 триллион 391 миллиард теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,4 пайызын құрады. Оның айтуынша, бюджет тапшылығы ішкі кіріс көздерінен қаржыландырылған.

"2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,9 пайызды құрады. Оның ішінде мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 21,7 пайызын немесе 22 трлн теңгені құраған", - деп қорытындылады қаржы министрлігінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2020799-qazaqstannyn-memlekettik-qaryzy-qansa/

pixel