Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 шілдеден бастап зейнеткерлер зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады

Жарияланған күні:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 шілдеден бастап зейнеткерлер зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге жұмсай алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында зейнеткерлерге еңбек сіңірген жылдары бойынша БЖЗҚ-да (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) жинақталған зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалану құқығы беріледі.  

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлер еңбек сіңірген жылдары бойынша БЖЗҚ-да жинақталған қаражатты www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға алу үшін "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделу мақсатында пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы тек "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге жұмсау сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілгенін еске салды.

Бұл құқықты мынадай санаттағы азаматтар пайдалана алады:

  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар "төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;
  • зейнетақысы табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40 пайызын құрайтын ресми түрде зейнетке шыққан зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинағы сомасының 50 пайызын пайдалана алады;
  • өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.

Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарға да, зейнеткерлерге де қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2022449-1-sildeden-bastap-zeinetkerler-zeinetaqy-zinagyn-ui-satyp-aluga-nemese-emdeluge-paidalana-alady/