Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bank RBK сауықтыру бағдарламасы арқылы алынған қаражатты ішінара мерзімінен бұрын қайтаруға кірісті

Опубликовано:

Bank RBK
Фото: Bank RBK

«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) акционерлері жылдық жалпы жиналыста Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №21 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) толық сәйкестікте Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде алынған қаражатты ішінара - мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Банк 2017-2018 жылдары аталған бағдарлама шеңберінде өтеу мерзімі 2032 жылғы қарашада басталатын реттелген облигацияларды шығару және орналастыру жолымен қаражат тартқан еді.

Банк акционерлері 2022 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысында банктің жай акциялары бойынша 19,1 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады, оның негізгі бөлігі - шамамен 13 млрд теңге (қаулыда көзделген ең жоғары деңгейге сәйкес) бағдарлама шеңберінде алынған мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын өтеуге бағытталатын болады.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін банк алынған қаражат бойынша 48,7 млрд теңге мөлшерінде купондық сыйақы төледі.

Осы қаражат қайтарылғаннан кейін банк ірі корпоративтік клиенттердің, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және бөлшек клиенттердің жобаларын қаржыландыру бойынша белсенді кредиттік қызметті жалғастырады.

«2017-2018 жылдары сауықтыру рәсімінен өткен Bank RBK бүгінде Қазақстанның ең тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі болып табылады. Банктің берік қаржылық жағдайын және оның орнықты табыстылығын ескере отырып, акционерлер Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде алынған қаражатты мерзімінен бұрын өтеуді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Одан әрі өтеу көлемі Bank RBK қызметінің жыл сайынғы нәтижелеріне байланысты болады», - дейді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Bank RBK 2022 жылдың аяғында коммерциялық банктер арасында капитал мөлшері мен корпоративтік несие портфелі бойынша 5-орында, активтер бойынша 8-орында болды.

Жиынтықталған аудиттелген деректерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 1 983,9 млрд теңгені құрады немесе жыл басына қарағанда 56%-ға артық, кредиттік портфель - 938 млрд теңге немесе тиісінше 42%-ға өсті.

Банктің бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңде алынған 14 млрд теңге пайдасына қарағанда, 2022 жылғы 12 айдағы жиынтықталған пайдасы 37,1 млрд теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2022653-bank-rbk-sauyqtyru-bagdarlamasy-arqyly-alyngan-qarazatty-isinara-merziminen-buryn-qaitaruga-kiristi/

pixel