Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 1 шілдеден бастап жылу, су және кәріз тарифі көтеріледі

Опубликовано:

Су көрсеткішін тексеріп жатқан ер адам
Коммуналдық қызметтер көрсеткішіне арналған құрал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласында биыл шілдеден бастап жылу, су және кәріз қызметінің тарифі көтеріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тиісті мекемелердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жылумен жабдықтау қызметінің тарифі көтеріледі.

Жылумен жабдықтау қызметтерінің құны:

  • халық үшін 20 пайызға - 5 839,23-тен 7 007,08 теңге/Гкал-ға дейін,
  • кәсіпкерлік үшін 30 пайызға - 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңге/Гкал-ға дейін өседі.
  • негізгі ауыртпалық бюджеттік ұйымдарға түседі, көрсеткіш 36 пайызға – 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңге/Гкал-ға дейін өседі.

"Тарифті инвестицияға айырбастау" мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, түскен қаражатты жылу желілерін жөндеу жұмыстарына бағыттауға мүмкіндік береді. Қосымша қаржыландыру апатты жағдайларды азайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген "АлТС" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компанияның атап өтуінше, 2023 жылғы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 59,2 пайызды құрайды.

2023-2026 жылдары 116 километр коммуникацияны жаңарту жоспарлануда, бұл тозуды 8 пайызға дейін азайтады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласындағы жылу желілері жылу энергиясына тарифті көтеруді сұраған болатын. Олар мұндай өтінішті жылу жүйелерін жөндеуге қаражат қажет екенімен түсіндірген еді.

Сондай-ақ "Алматы су" МКҚК-ның баспасөз қызметі де суық су мен кәріз тарифтерінің көтерілетінін хабарлаған болатын.

"Алматы су" МКҚК мәліметінше, Алматыда 1 шілдеден бастап жаңа тарифтер күшіне енеді. Жаңа тарифтер бойынша, суға – текше метріне 55,2 теңге, кәрізге – 1 м3 үшін 32,74 теңге болады.

Компанияның хабарлауынша, Алматыда су тарифі соңғы рет 2014 жылы көтерілген. Ол кезде текше метріне 55 теңгеге дейін өскен. Содан бері соңғы 9 жылда тариф тек төмендеп, бүгінде 1000 литр үшін 48 теңгеден аз мөлшерді құрайды.

"Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы 54,4 пайызды құрайды. Сондықтан 3607 километр құбырдың 2033 километрін кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Кәріз желілерінің тозуы 57,4 пайызды құрап отыр. 1017 километр қайта жаңартуды қажет етеді", - делінген хабарламада.

Компания ақпаратынша, су және кәріз қызметтері тарифінің 15 пайызға өсуінен бір пәтердің ай сайынғы коммуналдық төлемдерінің сомасы орташа есеппен 150 теңгеге дейін артады.

"Заңды тұлғаларға келетін болсақ, олар үшін сумен жабдықтау қызметі тарифінің өсуі 69,2 пайызды, ал кәріз үшін - 89,4 пайызды құрайды. Суық су мен кәріз кәсіпорынның өндірістік шығындарының аз бөлігін ғана қамтитынын ескеру қажет. Осыған байланысты, заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтауға арналған жаңа тарифтің деңгейі тауарлар мен қызметтердің түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етпейді", - дейді "Алматы су" өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026546-almatyda-1-sildeden-bastap-zylu-su-zane-kariz-tarifi-koteriledi/