Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда автогаздың бағасы көтерілуі мүмкін

Жарияланған күні:

Жанармай
Жанармай құю бекеті. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Қазақстанда автогаз бағасын көтеру мәселесі қайта қарастырылмақ. Жанармай құю бекеттеріндегі сұйытылған газдың бағасы қалай өсуі мүмкін екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда автогаздың көтерме бағасы 20 пайызға – 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін өседі. Бұл өсім жанармай құю бекеттердегі бөлшек сауда бағасына да әсер етеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) "Ашық НҚА" порталында бұйрық жобасын жариялады. Құжатта сұйытылған мұнай газының бағасын ҚҚС-пен бірге Қазақстан бойынша 4-6 теңге шегінде көтеру ұсынылған. Жобаға сәйкес жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бағаны көтеру көрсеткіші келесідей:

  • Алматы қаласында, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысында автогаз бағасы – литріне 76-81 теңгеге дейін;
  • Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында – литріне 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
  • Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облысында – 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысында – литріне 50 теңгеден 54 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.

Айта кетелік, талқылауға жарияланған заң жобасында шалғай елдімекендердегі автогаз бағасы да бөлек қарастырылған. Логистиканың қымбаттауына байланысты түкпірдегі ауылдарда автогаздың құны литріне 4-6 теңгеге қымбаттайды. Яғни, Алматы облысында жанармайдың бір литрі 81 теңге болса, облыстың шалғай аудандарында автогаз бағасы 86 теңгені құрауы мүмкін.

БҚДА бағаны көтеру тиімді шешім деп санайды. Біріншіден, көтерме сауда бағасы жоғарылайды, екіншіден, 27 сәуірде Қазақстанда теміржол көлігі тарифтері 28 пайызға көтерілген болатын. Сондықтан автогаздың бөлшек саудадағы бағасын 4-6 теңгеге көтерген жөн.

Әзірге жоба талқылануда. Жаңа бағалар қашан қойылатыны жобада нақты көрсетілмеген, алайда бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енетіні айтылған.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап кейбір коммуналдық қызметтердің тарифтері де көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026585-qazaqstanda-avtogazdyn-bagasy-koterilui-mumkin/