Энергетика министрі бензиннің кейбір түрі қымбаттауы мүмкін екенін ескертті
Жарияланған күні:
Бүгін министрлер кабинетінің кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, елімізде АИ-92 маркалы бензиннің қажетті көлемде қоры бар.
"Бізде мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында 23 күнге жететін қор бар. АИ-92 бойынша қауіп жоқ", – дейді министр.
Оның айтуынша, АИ-95 маркалы бензиніне қатысты қауіп бар.
"Бізде АИ-95 бензині бойынша белгілі бір қауіп туындап отыр. Баға өсуі мүмкін. Бірақ бұл - жазғы маусымда сапарлардың артуына байланысты реттелмейтін мәселе. Әсіресе, курорттық аймақтарға баратындар саны көбейеді. Осыған байланысты біз АИ-95 бензині бойынша бағаның өсу қаупін көріп отырмыз.
Жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз. Қазірдің өзінде мұнай өндіруші ұйымдармен, желілік компаниялармен Ресей Федерациясынан АИ-95-тің қажетті көлемін әкелуді қамтамасыз ету бойынша кездесулер өтті", – дейді Энергетика министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026586-energetika-ministrligi-benzinnin-keibir-turi-qymbattauy-mumkin-ekenin-eskertti/