Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жалдамалы баспана бағасы қайта қымбаттай бастады: пәтер жалдау қай қалада тиімді

Опубликовано:

Пәтер
Пәтер. Көрнекі сурет: Depositphotos

Соңғы айларда Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй бағасы төмендеген болатын, бірақ маусымда ол қайта жоғарылай бастады. "Крыша" порталының сарапшылары еліміздің көптеген қаласында жалдамалы пәтерлердің бағасы көтерілгенін тіркеген.

Биылғы жылдың көктемінде сарапшылар қазақстандық жалдамалы тұрғын үй нарығындағы бағаның аздап төмендегені туралы хабарлаған болатын. Мәселен, сәуір айында Алматыда жалдамалы пәтерлердің құны айына 2 пайызға төмендеген. Бұл үрдіс Қазақстанның басқа қалаларында да байқалды.

Однако июнь эту тенденцию не продолжил. Аренда жилья перестала дешеветь - по сравнению с маем ставки повысились в среднемна 0,9%.

Алайда маусым айында бұл тенденция жалғасын тапқан жоқ. Жалдамалы тұрғын үй бағасының арзандауы күр тоқтады. Мамырмен салыстырғанда тарифтер орташа есеппен 0,9 пайызға өскен.

Бір айдың ішінде қай өңірдегі баға көбірек өскен?

Сарапшылар мониторинг жүргізіліп жатқан 13 қаланың жетеуінде бір айда жалдамалы баспана бағасы қымбаттағанын анықтап отыр.

Жалдамалы пәтерлердің құны өскен қалалар қатарында Ақтау (7 пайыз), одан кейін Ақтөбе (4 пайыз), сондай-ақ Астана мен Павлодар (3 пайыз) бар. Ал Алматы, Шымкент және Көкшетау қаласында баға 1 пайызға өскен.

Бұл тұста Атырау, Қостанай, Орал, Өскеменде жалдамалы пәтерлердің бағасы өзгерген жоқ, Петропавл мен Қарағандыда болса, тиісінше 6 және 2 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері бағалар қалай өзгерді

Бағалардың тұрақты өсуіне қарамастан, биылғы мөлшерлемелерді 2023 жылдың басындағы көрсеткіштермен салыстырар болсақ, жалдамалы пәтерлер құны алты ай ішінде орташа есеппен 1,1 пайызға төмендегенін атап өту керек.

Мына қалаларда жалдамалы пәтерлердің бағасы төмендеген:

  • Алматы және Көкшетау қалаларында 7 пайыз;
  • Өскемен қаласында - 5 пайыз;
  • Шымкент қаласында - 4 пайыз;
  • Астана және Петропавл қаласында - 3 пайыз;
  • Қарағанды және Орал қаласында - 2 пайыз.

Бірақ кей қалаларда жыл басынан бері бағаның төмендеуі тіркелмеген. Мысалы, жалдамалы пәтерлердің бағасы Павлодарда (6 пайызға), Ақтауда (5 пайызға), сондай-ақ Ақтөбе мен Қостанайда (4 пайызға) қымбаттаған. Ал Атырауда жалдамалы пәтерлердің бағасы мүлдем өскен жоқ.

Бүгінде жалдамалы пәтерлердің құны қанша

27 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы жалдамалы пәтерлердің орташа бағасы былай өзгерді:

1 бөлмелі – 123 мың теңге;

  • 2 бөлмелі – 159 мың теңге;
  • 3 бөлмелі – 193 мың теңге.

Кейбір қалаларда жалдамалы пәтерлердің орташа құны республикалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары екенін есте ұстаған жөн. Мәселен, Алматыда 1 бөлмелі пәтер үшін шамамен 200 мың теңге төлеуге тура келеді. 2 бөлмелі пәтерлердің бағасы 300 мың теңгеге дейін жетсе, 3 бөлмелі пәтерлердің бағасы орташа есеппен алғанда 350 мың теңгені құрайды.

Астанада жалдамалы пәтердің бағасы бөлме санына байланысты 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін болуы мүмкін, ал ең арзан пәтер Петропавлда - 90 000-130 000 теңге аралығы. Шымкентте ең жоғарғы баға орта есеппен 150 мың теңгеге жетеді.

Осылайша кейбір қалаларда жыл басынан бері пәтерлердің бағасы төмендегеніне қарамастан, олардың бағасы әлі айтарлықтай қымбат.

Еске салсақ, бұған дейін жалпы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуі тоқтаған болатын. Мамыр айының қорытындысы бойынша бастапқы нарықта баспананың 1 шаршы метрінің орташа құны шамамен 486 мың теңге, ал қайталама нарықта шамамен 505 мың теңге болып белгіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026742-qazaqstanda-zaldamaly-baspana-bagasy-qaita-qymbattai-bastady-pater-zaldau-qai-qalada-tiimdi/