Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке кәсіпкерлерге салықтық тексеруді азайтатын пилоттық жоба іске қосылды

Опубликовано:

Ұялы телефон және пернетақта
Көрнекі фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

1 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны іске қосты. Бұл туралы МКК ресми сайтында хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, пилоттық жобаға электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.

Пилоттық жобаға ерікті қатысудың біршама артықшылығы бар:

  • кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;
  • салықтық тексерулердің азаюы;
  • ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;
  • қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем.

"Жеке кәсіпкер пилоттық жобаға қатысу үшін өздері жұмыс істейтін маркетплейсте өтініш беру керек", – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасы туралы ақпаратты 1414/3 нөмірі арқылы білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027278-zeke-kasipkerlerge-salyqtyq-tekserudi-azaitatyn-pilottyq-zoba-iske-qosyldy/

pixel