Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұғатталған шотқа шатасып ақша аударған жағдайда оны кері қайтаруға бола ма

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған ер адам
Телефон ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кейде сіз қателесіп, басқа адамға ақша аударуыңыз мүмкін. Бірақ оны қайтаруға мүмкіндік бар. Ал бұғатталған есепшотқа қаражат жіберілген жағдайда қазақстандықтар не істеуі керек? Бұл туралы "Право знать" Telegram арнасының сарапшылары айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде онлайн түрде ақша аударуға болады, бірақ бір ғана саннан қате кетсе, қаражатыңыз бөтен адамға кетіп қалуы ықтимал. Бұл жағдайда ақшаны қайтару қиынға соғады. Бұған дейін мұны қалай жасау керектігін жазған болатынбыз.

Алайда қазақстандықтар бұғатталған есепшотқа шатасып ақша жіберген жағдайда не істеуі керек?

Есепшотты қолдануға тыйым салынған кезде сот банк шотында жатқан ақшаны бұғаттайды. Дәлірек айтқанда, жуырда жіберілген қаражатқа да тыйым салынуы ықтимал.

"Бұғаттау әрқашан белгілі бір сомада тағайындалады және одан аспауы керек, сондықтан клиент бұғатталған сомадан асатын қаражатты қолдануға құқылы", - дейді Telegram арнасының авторы.

Басқаша айтқанда, қазақстандықтың есепшоты бес миллион көлемінде бұғатталып, шотында бес миллионнан артық ақша болса, азамат бұғатталған сомадан асып кеткен артық қаражатты қолдана алады. Алайда егер бұғатталған сома шоттағы қаражат сомасынан жоғары болса, онда барлық түсетін ақша белгілі бір сомаға жеткенге дейін бұғатталады.

Шатасып жіберілген қаражатты қалай қайтаруға болады?

Қазақстандықтардың ақшаны қайтару әрекеті кезінде кездесетін басты қиындық – заң бойынша бұғатталған шотқа шатасып аударылған қаражатты қайтарудың арнайы тәртібі қарастырылмаған. Банк қазақстандықтың есепшоты бұғаттан шықпайынша, ақшасын қайтара алмайды.

Оның үстіне шоттағы сома бұғаттау мөлшерінен асып кетсе де, клиент үшін артық соманы қолдануда қиындықтар туындауы мүмкін. Яғни, қаражатты әдеттегі әдіс арқылы қайтару мүмкін емес.

Бұл жағдайда қаражат жіберушінің екі жолы ғана бар. Бірінші жағдайда ақша жіберілген адаммен тікелей байланысқа шығуға болады. Егер аударым ұялы телефон арқылы жүзеге асырылса, онда еш қиындық туындамайды. Бірақ егер аударым үшін шот нөмірі пайдаланылса, қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін - әрбір банк өз клиенттерінің деректерін бере бермейді.

Егер қателесіп жіберілген ақшаны алушымен байланысқа шыға алсаңыз, онда сіз онымен ақшаны қайтару туралы өзара келісімге келуіңіз керек. Мұны, қаражатты қабылдаған адамның таныстары арқылы да жасауға болады. Дегенмен адал емес адамдар да кездесуі ықтимал. Мұндай жағдайда ақша қабылдаған есепшот иесі ақшаны қайтарудан бас тартуы мүмкін.

Бұл жағдайда қазақстандықтар негізсіз баю туралы заң арқылы қаражатты өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуі керек. Азаматтық кодекстің 953 бабына сәйкес басқа тұлғаның есебінен ақша сияқты өзге де мүлкіне оңайлықпен қол жеткізген адам қаражаттың иесіне негізсіз алынған немесе жинақталған мүлкін қайтаруға міндетті.

Яғни, бұл жағдайда заң ақшаны шатасып жіберіп қойған адамның жағында болады. Дегенмен сот арқылы қаражатты қайтаруға көп уақыт керек екенін ескергеніңіз жөн. Оның үстіне, егер меншік иесінің қарызы болса, онда ақшаны шатасып жіберген адам борышкердің міндеттемелері мен оның қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты кредиторлар кезегіне тұруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027457-qazaqstanda-bugattalgan-sotqa-satasyp-aqsa-audargan-zagdaida-ony-keri-qaitaruga-bola-ma/

pixel