Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай банкте қазақстандықтардың қарызы көбірек

Опубликовано:

Қаржы ұйымы
Қаржы ұйымы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кейбір қазақстандықтар несие алғаннан кейін кейде төлемдерін кешіктіреді. Risk Takers Telegram арнасының сарапшылары қай банкте қазақстандықтардың қарызы көп екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Несие – көптеген қазақстандық үшін ыңғайлы қаржылық құрал. Несие ала отырып азамат кез келген қаражаты жетпеген тауарды сатып ала алады, бірақ кейін кейбір қарыз алушылар өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарамай, төлемдерін кешіктіре бастайды.

Сарапшылардың ақпаратынша, биылғы жылдың 1 маусымында барлық қазақстандық екінші деңгейлі банктегі (ЕДБ) 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі жиынтық несие портфелінің 3,63 пайызын құраған. Ақшамен санағанда бұл 25,5 триллион теңгенің ішінде шамамен 927 миллиард теңге.

Дегенмен кейбір банктердегі төлемді өтеу мерзімін кешіктіргендердің үлесі сектордағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Бұл 21 ЕДБ-нің ішінде бірден 9 екінші деңгейлі банкінде байқалады.

Ең жоғары NPL90+ (90 күннен астам төлем мерзімі кешіктірілген несие) 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Jusan Bank-те байқалған және ол 10,23 пайызды құрады. Айта кетелік, соңғы бір айда бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. Әлі сонау сәуір айында төлем мерзімі өтіп кеткен несие үлесі 11,1 пайыз деңгейінде болған еді. Басқаша айтқанда, банк өзінің несие портфелінің сапасын жоғарылатуда.

Төлем мерзімі кешіктірілген несиенің үлесі бойынша екінші орынды иеленген "ВТБ Қазақстан" банкі – 9,65 пайызды құрады, ал үшінші орында Bereke bank – 7,92 пайызды құрайды. Айта кетейік, ол сонымен қатар несие портфелін жақсартып, NPL90+ көрсеткішін төмендеткен болатын.

Мынадай екінші деңгейлі банктердің NPL үлесі жоғары:

  • Еуразиялық банк – 6,09 пайыз;
  • Нұрбанк – 5,87 пайыз;
  • Kaspi – 5,53 пайыз;
  • Заман-Банк ИБ – 5,26 пайыз;
  • Fortebank – 5,01 пайыз;
  • Хоум Кредит Банкі – 4,92 пайыз;
  • Bank RBK – 3,68 пайыз.

Сарапшылардың ақпаратынша, жыл басында төлем мерзімі кешіктірілген жағдайлардың үлесі барлық қазақстандық екінші деңгейлі банктің жалпы несие портфелінің шамамен 37,46 пайызын құраған. 1 маусымда бұл көрсеткіш 41,64 пайызға дейін өскен.

Осыған ұқсас өсім бұл банктердің активтерінің үлесінде де байқалады – алты айда ол 36,16 пайыздан 40,20 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар бұл банктер бойынша орташа NPL көрсеткіші алты айда 6,55 пайыздан 6,42 пайызға дейін төмендеген, ал ең жоғары және орташа банктік NPL көрсеткіштері 8,11 пайыздан 6,60 пайызға дейін төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027610-qai-bankte-qazaqstandyqtardyn-qaryzy-kobirek/

pixel