Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баланы мектепке дайындау үшін қанша ақша керек

Опубликовано:

Сынып
Мектеп сыныбы. Көрнекі фото: pixabay.com

Кейбір қазақстандықтарға оқу жылына дайындық үшін үлкен қаржы қажет болады. Ranking.kz сарапшылары 2023 жылы баланы мектепке дайындау үшін қаншалықты көп қаражат керектігін айтты.

Соңғы жылы Қазақстанда көптеген тауар мен қызметтің бағасы өскен болатын. Мектепке керек қажеттіліктер де қымбаттады. Сондықтан көптеген қазақстандық отбасы үшін баланы жаңа оқу жылына дайындау бұрынғыдан қарағанда қиындай түсті.

Сарапшылардың ақпаратынша, балалар аяқ-киімі мен кеңсе тауарлары басқа тауарларға қарағанда қымбатырақ. Мәселен, мамыр айының қорытындысы бойынша балаларға арналған киім – 18,7 пайызға, аяқ киім – 20,1 пайызға, жалпы кеңсе тауарлары – 67,5 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын тауарлардың орташа баға көрсеткіші 17,2 пайызды құрады.

Мектеп қажеттіліктеріне кететін шығын
Мектеп қажеттіліктеріне кететін шығын. Инфографика: ranking.kz

Бағаның өсуін ескере отырып, сарапшылар баланың оқуына қажетті барлық нәрсені қамтитын тауарлар жиынтығын құрауды ұйғарып, оның қанша тұратынын есептеді.

"Мектепке қажетті негізгі талулар тізімінің ішіне мектеп формасы, күнделікті және спорттық аяқ киім, дене шынықтыруға арналған форма, ортопедиялық арқасы бар рюкзактар және кеңсе тауарларының жиынтығы кірді", - деді сарапшылар.

Нәтижесінде 25 маусымдағы жағдай бойынша жалпы тауарлардың құны 100 мың теңгені құрады. Айта кетейік, оқушыға арналған тауарлар жиынтығы арзан не қымбат болуы да мүмкін, қазақстандықтарда оқушыға арналған арзанырақ тауарларды сатып алуға мүмкіндігі бар.

Алайда кей жағдайда мектеп формасы мен оқушыға арналған барлық қажеттілікті онлайн сатып алу әлдеқайда арзанырақ екені анықталды. Сарапшылар орта есеппен ұл балаға 95,8 мың теңгеге жуық, қыз балаға 96,3 мың теңгеге жуық қаражат қажет екенін айтты.

Егер мектеп қажеттіліктерін сауда орталықтарында сатып алатын болсаңыз, бұл сома орта есеппен 10 мың теңгеге артуы ықтимал. Ұлдарға арналған ең арзан мектеп қажеттіліктерінің жалпы құны 105,5 мың теңгені, ал қыздарға арналған қажеттіліктердің құны 105,6 мың теңгені құрады.

Мектеп қажеттіліктеріне кететін шығын
Мектеп қажеттіліктеріне кететін шығын. Инфографика: ranking.kz

Дегенмен сарапшылардың сөзінше, гүл, бантик, жұмыс дәптері және т.б. көптеген қосымша шығын ең арзан тауарлар жиынтығына кірмегендіктен, мектеп қажеттіліктерінің құны 100 мың теңгеден жоғары болуы мүмкін.

Бірақ биылғы жылы жалақының сатып алу қабілеті айтарлықтай төмендегенін ескерсек, зерттеу нәтижесінде шыққан соманың өзі көптеген қазақстандық үшін ауыр қаржылық жүк болуы мүмкін.

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы туралы мәліметтер де 100 мың теңге көптеген отбасының отбасылық бюджетіне ауырлық түсіретін қомақты қаражат екенін растайды. Қазақстандық отбасылардың шамамен 77,6 пайызының шығын көлемі 100 мың теңгеден аспайды.

Қазақстандық отбасылардың 15,6 пайызында ғана айына 100-ден 150 мың теңгеге дейін шығындалуға мүмкіндігі бар, ал 6,6 пайызы 150 мың теңгеден астам қаражат жұмсауға қауқарлы.

Бұл жағдайда көпбалалы отбасылар ерекше қиын жағдайда қалуы мүмкін екені белгілі болды. 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың 4,2 пайызында ғана жан басына шаққандағы шығын көлемі айына 100 мың теңгені құрайды.

Қазақстандық отбасылардың шығыны
Қазақстандық отбасылардың шығыны. Инфографика: ranking.kz

Алайда мектеп қажеттіліктерін мүлдем сатып алуға мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасыларға "Всеобуч" қайырымдылық бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2027685-qazaqstanda-balany-mektepke-beru-usin-qansa-aqsa-kerek/

pixel