Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет МАЭК-ті жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді

Опубликовано:

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты. Фото: primeminister.kz

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үкімет резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан үкіметі тарапынан Маңғыстау атом энергетикалық кешенінің (МАЭК) сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданып жатыр.

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге үкіметі резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты үкімет тиісті қаулы қабылдады", - делінген хабарламада.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржыландыру тетіктері МАЭК ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алу үшін қарастырылған.

Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді, деп күтілуде.

Сондай-ақ үкіметтің баспасөзқыз қызметі МАЭК пен АМӨЗ-де болға апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес, энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталғанын атап өтті.

Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ. Олардың қатарында:

  • МАЭК ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту;
  • АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу;
  • Батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т. б. бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029196-ukimet-maek-ti-zondeu-zumystaryna-5-mlrd-tengegee-zuyq-qarazat-boldi/

pixel