Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қазіргі жалақымен көлікке ақша жинауға бола ма

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бағаның өсуі азаматтардың сатып алу қабілетіне кері әсерін тигізуде. Қазақстанда орташа жалақымен көлік немесе т.б. ірі тауарды сатып алу үшін ақша жинауға бола ма. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бүгінде Қазақстанда инфляция айтарлықтай жоғары деңгейде, маусым айының қорытындысы бойынша ол 14,6 пайызды құрады.

Дегенмен баға үнемі көтерілетінін атап өткен жөн. Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясы сарапшыларының мәліметінше, соңғы бес жылда елдегі инфляцияның орташа жылдық деңгейі 10 пайызды құраған.

Оған қоса орташа жалақы деңгейі жыл сайын орта есеппен 15 пайызға өскен. Бес жылда ол 91 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке қарасақ, қазақстандықтардың сатып алу қабілеті ақырындап өсіп келе жатқан сияқты, бірақ негізі олай емес.

Жаңа көліктер орташа есеппен 11-15 пайызға қымбаттап жатыр

Ресми деректерге сүйенсек, жалақының өсімі елдегі жалпы инфляциядан небәрі бірнеше пайызға асып отыр, ал кейбір категория бойынша жалақы өсімінің деңгейі инфляциямен тең деңгейде. Бұл әсіресе ірі тауарларды сатып алу кезінде байқалады.

Мысалы, сарапшылардың айтуынша, бастапқы тұрғын үй бағасы жыл сайын 9-16 пайызға өсуде, ал жаңа көліктер орташа есеппен 11-15 пайызға қымбаттауда. Сонымен қатар шетелдегі демалыс құны жыл сайын 14 пайызға, ал ЖОО-да оқу құны 13-18 пайызға жоғарылауда.

Осылайша соңғы бес жылдағы бағаның көтерілуін есепке алсақ, көптеген ірі сатып алулар қазақстандықтар үшін қолжетімсіз болып кеткенін байқауға болды. Мәселен, 2019 жылы жаңадан салынып жатқан ғимараттарда бір шаршы метрдің орташа құны шамамен 267 мың теңге болса, қазір шамамен 486 мың теңгені құрайды. Бағаның өсуі 82 пайызды құраған.

Көлік сатып алу екіталай

Бұрын қазақстандықтарда орта есеппен 8,5 миллион теңгеге жаңа көлік сатып алуға мүмкіндік болған еді, қазір оның орташа құны 13,5 миллион теңгені құрайды. Бағалар көрсеткіші 59 пайызға өскен.

Мұндай сома кей азаматтарға қолжетімсіз болғандықтан, көлік сатып алуы екіталай.

Шетелде демалысты жоспарлау кезінде де осы мәселе байқалады. Енді қазақстандықтар үшін жеті күндік тур 38 пайызға қымбат – 2019 жылы шетелге шығу үшін орта есеппен 304 мың теңге қажет болса, қазір шамамен 420 мың теңге көлемінде қаражат керек.

Ал университеттердегі ақылы бөлімде білім алу бағасы 78 пайызға артқан. Осыдан бес жыл бұрын бір оқу жылы орта есеппен 396 мың теңге болса, биыл 706 мың теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия одаққа мүшелік ететін елдердің арасында Қазақстан жалақы өсімінің көрсеткіші инфляция деңгейіне жете алмай отырған жалғыз мемлекет екенін мәлімдеген болатын.

Бұл қазақстандықтар бүгінде отбасылық бюджетке жүк артпай, сондай-ақ банктік депозиттер немесе құнды қағаздарды сатып алу сияқты қаржылық құралдарды қолданбай, ірі тауарларды сатып алу үшін қаражат жинай алмайтынын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2029390-qazaqstanda-qazirgi-zalaqymen-kolikke-aqsa-zinauga-bola-ma/

pixel